Қалам мен қару соғыс және еңбек ардагері Сәкен Өтегенов туралы не білеміз?

Қазақ зағиптар қоғамының білікті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері СәкенӨтегеновтің туғанына биыл 100 жыл толды.
Осы жерде «Сәкен Өтегенов кім болған?» деген сұрақ әркімді мазалайтыны анық. Мұғалімдеринститутында сырттай білім ала жүріп, Сәкен Хайдарұлы қызыл әскер қатарынашақырылғанға дейін Петропавлдағы облыстық «Ленинское знамя» және «Ленин туы»(қазіргі «Солтүстік Қазақстан» басылымы) газетінде тілші болып қызмет еткен. Олжурналистика саласында өз қолтаңбасын қалдыра білді. Соңғы демі біткенше қолынанқаламын тастамады.
Соғыс кезінде тәжірибелі әскери мамандар жетіспегенібелгілі. Оның үстіне орыс тілін білмейтіндер қазақтар арасында көп болған.Сондықтан солдаттардың ішінен іріктеу жүріп, командирлер дайындала бастайды.Осы орайда, орыс тілін жақсы білген, комсомолда жүріп жан-жақты ысылған СәкенӨтегенов командирдің саяси орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, қан майдандажауынгерлерге жол көрсеткен ақылшы бола білді. Соғыс жылдарындағы ұрыстардакөрсеткен ерлігі үшін «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен және көптегенмедальдармен марапатталды.
Ол кісініңзерттеушілік қыры өз алдына бөлек әңгіме. 1983 жылы «Қазақстан» баспасынан оның «Согретые заботой и вниманием» аттыкітабы жарыққа шықты. Кітапта зағип жандардың қоғамдағы өмірі, олардың білімалуына, еңбекке араласуына, медициналық көмек алуына байланысты қоғамның сансаладағы қызметі көрсетілген. Кітапта өндіріс үздіктері мен жаңалықтары, Қазақсоқырлар қоғамының әр кезеңдегі ардагерлері мен басшылары туралы бай мағлұматберілген. Әлеуметтанушылар мен деректанушылар үшін маңызын жоймайтын өте құнды еңбек.
Сәкен Хайдарұлы зейнет демалысына шыққан 1983 жылданбастап Қазақ соқырлар қоғамына қарасты баспахана директоры болды. Осы жылдары қазақтілді оқырмандар брайль қарпіндешыққан қазақ ақын-жазушыларының көптеген шығармаларын оқуға мүмкіндік алды.Сәкен Хайдарұлының басшылығымен республикамыздағы көзі кеміс азаматтардыңрухани талап-тілегін қанағаттандыруда республикалық арнайы кітапхананыңжанынан 1977 жылы ашылған жазу студиясы да үлкен рөл атқарды. Осылайша Сәкен Хайдарұлы қазақтың белгіліақын-жазушыларының шығармаларын, қазақтың лиро-эпостық, батырлар жырларынмагнитофон лентасына жазып, көзі кеміс адамдардың рухани игілігіне айналдырды.
Ресми түрде ғылыми атағы болмаса да, қазақтың қайсар ұлы,қайраткері Қазақ соқырлар қоғамы басшысы лауазымын атқарған жылдарда көптеген оқу-өндірістік кәсіпорындарыныңгүлденуі жолында аянбай қызмет етті. Ұйымдастырды, ғылыми жүйеледі, діттеген мақсатынажұмылдырды. Көшбастаушылығын, көсемдік қабілет-қарымын, төтенше қайрат-жігерін,озат ойын танытты. Басшы кадр ретінде өндірістің командирі болып, жаңалық, өнертапқыштық бойынша инженер мамандардың шығармашылықізденісіне жол ашты. Білікті кадрларды іскерлікке, ғылым мен техникажаңалықтарын өндірісте қолданып отыратындай дәрежеде жұмыс істеуге үйретті.Соның арқасында қоғамға қарастыоқу-өндірістік кәсіпорындары үлкентабысқа жетті. Олар халық тұтынатын тауарлардың ондаған түрін ішкі нарыққа жәнешетелдерге экспортқа шығарды. Қытай реформасының атасы Дэн Сяопиннің «Өмірденүйренген адамдар ғана ұлтының ұлы перзенті бола алады» деген сөзі барекен. Өмірдің өзінен үйренген СәкенХайдарұлы да бойындағы қабілет-қарымын ұлтының игілігі жолында жұмсағанжан.
Сәкен Өтегенов – Н.Островскийатындағы мектеп-интернаттың педагогы Оқан Қасымовпен бірге брайль жазу жүйесіне қазақ әріптерін енгізгенадам.
Қазақ зағиптар қоғамындағы көпжылдық еңбегі үшін «Құрметбелгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалі және Лениннің 100 жылдығынаарналған медальмен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі президиумының құрметграмоталарымен марапатталған.
Сәкең 33 жыл басқарғанҚазақ соқырлар қоғамындағы көзі кеміс мүгедектерді күн сайын қуантты. Қоғам барлық бағытта дамыды. Зағип жандардың жұмысістеуіне, оқуына, отау құруына, жайлы пәтерде тұруына, көркемөнерменшұғылдануына, жергілікті, республикалық және халықаралық спорт жарыстарынақатысуларына қолайлы жағдай жасады. Сонымен қатар зағип жандарға арналғанқаншама тұрғын үйлер, балабақшалар тұрғызылды, демалыс орындары мен курорттарғамыңдаған тегін жолдама берілді. Мәскеу,Ленинград, Волгоград, Орта Азияға және шетелдерге туристік сапарларұйымдастырылды. Соның бәріне қоғамның қаржылай есебінен 100 пайыз толықтай төленді.Баспахана, конструкторлық бюро, демалыс үйлері, пионер лагерьлері – барлығыСәкен Хайдарұлының бастамасы менсіңірген еңбегі.
Қысқасы, Сәкен Өтегеновтіңтуғанына биыл 100 жыл толып отырған мерейтойы аясында белгілі қаламгер ТөреғалиТәшенов «Өтегенов өнегесі» атты кітап жазып шықты. Бірадамның тағдыры өзгелерді бейжай қалдырмайтын шығарма. Кітап қайырымдылық пенмейірімділікті өзінің қасиетті борышыәрі парызы деп өмірден өткен СәкенХайдарұлының кейінгілерге артып кеткен үмітінің аз да болса ақталғаны деп тұжырымдасақ, артық айтқандық болмас.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ,
«Жас Алаш»