Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:21, 27 Қазан 2019

Қанатты тұқыртуды қоя тұрайық

«Бокс Америкада туып, Қазақстанда өлді», — депті бір білгіш.Айтады-ау. Әлгінің нені меңзеп тұрғанын оқығанда тіпті таң қалдық.

Қара баланыҚанатқа жығып беріппіз.Өзімізге қатаң қараймыз, ия? Көзбен ғана емес, кішіні үлкейтіп көрсететінкөзәйнек, ол аз десеңіз микроскоп тауып аламыз. Сосын көсеуді алып, оттыкөседік, кеттік...Бокс тірі. Әзір өлетін түрі жоқ. Ай аман, күн есенде ол да спорттың бір түріболып өмір сүре береді. Баяғыда Жандос Көкімовтың жолын кескенде селт етпеген,тіпті беріде 1999 жылы Хьюстонда, былайғы жарыс емес, әлем чемпионатында Кубаөкпелеп қалады дегенді желеу етіп, Ермахан Ибырайымовты «құрбандыққа» шалғандатүгі кетпеген бокс Қанатқа бола өле салады дейсіз бе? Сондықтан бетінен отышығып, әлем алдында қатты ұялып үйлерінде отырғандар, терезедегі перденіысырып, сыртқа бір қараңыздар да далаға шыға беріңіздер. Бокс жанкүйерлерісіздерге еш өкпелемейді.Қара баладан қатты ұялып қалғандар бар екен. Оларға да айтайық. Бесінші раундтабір ұрып, қарсыласын екі бүктеген Қанат содан кейін естен танбаса болды,жеңісті еншілейтінін біліп тұрды. Қандай да бір соққыға шыдайтын жігіт емес пе,қашса да пысса да қарсыласына алдырмады. Нокдаун есебінен жеңіске жетті. Рас,тең беруге де болатын еді, бірақ бәсеке Қазақстанда өткенін де есте ұстаукерек, негізі.Сіләмнің ұлын ақтау ойда жоқ. Қайта сүйсіндік. Не деген мінез! Қарсыласы ұрсаезу тартады. Қасқыр секілді. Қақпандағы көкжалды ұрып көріңізші, қыңсыламайды, ыр етуі,ыржың етуі мүмкін. Әйтпесе жата береді. Сізге назар аудармастан. Қанат тасолай. Енді жанына бататын соққы өтпеген шығар, бірақ тынысы тарылғанда бетінентартып жіберсе де оңай емес қой.Тыныс демекші. Жүріс көп болды. Солай шаршады. О бастан тактика дұрыстаңдалмаған. Стратегия сауатты жасалмаған. Ол енді Нельсон, пельсондардың кемшілігі. Таудай Тұрсынғали Еділов тұрғанда ана бапкерді Америкаданнеге алдыртты екен, Қанатжан?Кезі келгенде сұрармыз. Жігіттің езі болғанда Қанат рингте езу тартпас еді.Қабақ шытқанын көрдіңіз бе? Өзі таңдады. Өзі соңына дейін жеткізуі тиіс екенінұқты. Уолтер Каутондоквоңыз оңай қарсылас емес. Қанат та қызық. Оны негетаңдайды. Елге әкеліп, екпетінен түсіретін біреуді шақыруы тиіс еді. Жоқ, оғанбармады. Өзіне ыңғайсыз, бойы да ұзын, қолы да ұзын әлемдік рейтингте өзіменқатарлас жігітті таңдаған. Тағы да қазақстандықтар шулаған соң. «Дұрыс біреудіәкеліп, жеңсей», – деп айқайладық қой. Уолтер өткенде Деметриуса Андрадегеқарсы сойқан салған. Белдік иесі болғаннан кейін таңдау Қанатқа тиесілі еді.Жоқ, бұл жерде Қанаттың қуылық жаққа аттап баспайтынын ғана айтқымыз келді.Мүмкін өзін сынап көруді де дұрыс көрген болар. Күні ертең ДеметриусаАндрадемен кездесіп жатса өзін сауатты ұстау үшін.Головкинмен салыстаратындар үшін. Геннадий тұтас бір Республика мәпелеп ұстапотырған спортшы. «Емшектен» енді шықса білмедік, бірақ біразға дейін қосқалтасын, қойын-қоншын ақшаға толтырып отырдық. Ел имиджі үшін. Бір боксшыкерек еді. Жанында тілге жүйрік, іске пысық топ құрылды. Солар жөн сілтеп,бағыт берді. Әйтпесе бұл деңгейге ол да жете алмас еді. Қайран қазақ ақшасы–ай, кімді биікке шығармадың.Головкиннің Гена кезінен білемін. Мықты спортшы. Әсіресе әуесқой рингте кереметеді. Афиныда алтын медаль алады деп, үкілеп апардық. Соңы сиырқұймышақтанып бітті.Қазақ баласына құшағы жабық, қабағы қату менің халқым қазақстандық балаларғақамқор әке, мейірбан шешедей қарайды. Ол дұрыс та шығар. Сол Генадан ешкім әлісұраған жоқ, Афины финалының тағдырын. Оның бар сырды бүркемей айтып беретінінеде күмәнім бар. Жарайды, жүз жылғы әңгімені жамап қайтейін...Ел қазынасынан қаржыландырылған Генаға да кейде өкпелеп аламын. Өкпелейсалатыным, анау ЭКСПО кезінде елге келіп, бір төбелесе салса түгі кетпейтінеді. Және тегін емес. Әжептәуір қаламақыға! Өзі ме. Өзгелері ме, біздіңтараптан ұсынылған қаржыны қомсынды деген де сөз. Анығын Алла біледі!Әлгі Генаға тағы өкпем бар. Биікке шығуыңа саты болған қазақ қазынасы ғой. Осыелдегі бірер бауырыңды неге андеркартыңа неге тіркеп қоймайсың деп… Ол жағын өзі білер енді.Генаныңмаңында сауатты ұйымдастырушылар жүрді дейтініміз Лемьеден кейін кілең сабалуғажақын жүретін сабаздарды рингке шығарып берді. Альварес демесеңіз қалғаныныңшамасы белгілі еді ғой. Тіпті Деревянченко заманы да өтіп кеткен. Заманыдесеңіз де ол да бір жар бұзып, тау құлатқан емес еді. Джейкосб дейсіз бе? Олжігіт те сырқатынан жазылып, боксқа кіріспеп па еді...Ұялып болдық па? Енді Қанатты тұқыртуды сәл қоя тұрайық. Әзірше сұранысқа иеболған боксшының бірі. Мемлекетке түк зияны жоқ, қазынадан қаржы алмайды.Бір-екі азаматтың қолдауына сүйеніп, анау Арман Рысбектерді қасына ертіп, боксжасап жүр. Оған басқа болмаса да Алматы риза, айлар өте бокс көреді. Ал, сіздерөз өздеріңізден ұялып, бокс өлді деп, некрологқа тапсырыс беріп… Қажет емес!Аза гүлге деген ақша жинау да керек емес. Бокс әлі тірі. Қанат аман болса,талай жекпе-жекөткізеді, немесе ұйымдастырады. Қайта қолдап жіберейік. Абай атаң айтты ғой: «біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істіңбәрі бос», — деп. Қанат менің досым әрі бауырым. Түтіп жесеңіз де сөзім осы!

Жазба Амангелді Сейітханның  facebook.com парақшасынан автордыңрұқсатымен алынды.

Тегтер: