Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:02, 05 Қаңтар 2023

Қаңтар оқиғасы: 2 мыңға жуық қарудың қайда екені әлі белгісіз

None
None

Бас прокурор Берік Асыловтың  айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен.

«Соның салдарынан Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болды.  Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз», — деді Бас прокурор.

Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», — деп нақтылады Бас прокурор.

Сондай-ақ ол Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау қайтыс болуына байланысты тоқтатылғанын (өзін-өзі атып өлтірді) атап өтті.

Тегтер: