Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:18, 05 Мамыр 2020

Қара тасқа қашап жазған тарихын...

Әлемде   адам таң  қалатын   дүниелер көп. Содан  болар,  оларды ғалам  ғажайыптары  не болмаса,  әлемнің    кереметтері деп  жатады.

Сол  керемет дүниелердің біріне    ықылым  заманда  тасқа  бәдізделген  таңбалар, шекіп жазылған  жазулар  жатады. Рас, жұмыр  жердің  бетін   мекендеген  алғашқы  қауым адамдары  тарихын өздері  тұрған  үңгірлердің қабырғаларына,   жартастарға   аң құстың суретін   салу  арқылы бедірлесе,   алғашқы қаріп  пайда  болған соң,   тек  таңбалар арқылы  емес,  адамдар  өз  заманын  жазба түрде  қалдыра  бастады. Әрине,  ерте заманан  бүгінге  жеткен  көне  дүниеден сыр  суыртпақтайтын    жазбалар жеткілікті.   Бірақ  бізге керегі,  әрине  исі қазаққа  жақын, Ұлы  далаға байланысты,  ол  жерде өмір  сүрген   адамдар жөнінде  баяндайтын жазбалар.   Қазақ жерінде  таңбалы  тастар, жартастарға  шекіп жазылған  жазбалар  баршылық. Дегенмен    олардың бәрі  төрткіл  дүниеге  белгілі емес. Әлі де болса, зерттеуді  қажет ететін  дүниелер. Ал жалпы  түркі  жұртынан хабар  беретін   бір-екеуіне тоқтала  кеткен  жөн болар. Сақ  даласына  байланысты  алғашқы    тасқа  қашап жазылған  дерек  ол-Бехистун  жазбасы. «Патшалардың патшасы» атанған,   жарты  әлемді билеген  сақ  ханшайымы һәм қолбасшысы  Тұмар (Еуропа  атауында Томирис)  ханым басын  кесіп күбіге  салған Кир  патшаның  досы, кеңесшісі Гистапстың   ұлы  Дари ( біздің  заманымызға  дейінгі 522-486  жылдар)  патша  сақ  даласына  аттанып  бара  жатқанда Бехистун  жартасына тоқтап,  кейіннен    әлемге «Бехистун  жазбасы» деген атпен  танылатын   жазбасын жаздырған. Сол  тұста парсы  патшасы Кирдің  басын кесіп,  әскерін масқара  етіп  жеңген сақтардан  Дари   кек алу  үшін  700 мың  әскер  жиып  Ұлы  далаға  аттанды. Жолай Бехистун  құзының маңына  ат  шалдырып, жартасқа   Ахманидтер  әулетінің   жай-күйі,  жаулап алған  жерлері, жеңістері  жөнінде ұсталарға тасқақашатып   жаздырды. Тұтқынға  түскен  патшалардың  да  суреттерін тасқа бәдіздетті. Бір айта кетер жайт, Бехистун жартасы  қазіргіИран  жерінде,  Хамадан шаһарына  жақын жерде орналасқан. Жартас  жерден152  метр биіктікте  тұр.   Жазу үш  тілде  көне парсы,  элам  және вавилон тілдерінде  шекітілген. Жазу   бес   тізбеден,  414  сөйлемнен тұрады.  Жартасқа  салынған суретте  парсы  патшасы Даридің алдында  аяқ-қолы  байланған, мойындарына  тұзақ  салынған 9  патша  және тайпа  көсемдері  тұр.  Сонымен  сақ  даласына жер  қайысқан  700 мың  (кей  деректер 300 мың деп  көрсетеді) әскермен  аттанған  Дари жеңіске жетті. Жолында  тұрғанның  бәрін жапырып  өтті.   Бірақ Ұлы  далаға  ішкерілеп енуге  қорықты. Өйткені  желден жүйрік  сәйгүлік  мінген  сақтарды ұстау  мүмкін емеседі.  Түбі Кирдің  кебінін киіп  қалармын  деп сескенген  ол, сақтардың  жеңілген тайпасының  көсемінбайлап-матап  өзімен бірге  алып кері  шегінді.   Кейіннен  әлгі  Бехистун  жартасына   өзінен  жеңілген  оныншы патша  ретінде  сақ көсемі Скунханың  суретін салды.  Бұл жазбалар  шамамен  біздің дәуірімізге  дейінгі  522-519 жылдары тасқа  қашалған.  Жалпы  Бехистун  жазбасын  19  ғасырда  ағылшын   ғалымы  Г.К. Роулинсоно  оқып, әлемге   танытқан.   Бехистун жазбалары   Азия  тарихынан кең  мағлұмат  беретін көне  дерек  көзі болып   табылатынымен    құнды. Ал осы  Бехистун  жазбаларынан әлдеқайда  артық,  әрі көркем  тілмен  жазылған тағы  бір  жазба    ескерткіш  ол Орхон-Енисей  жазулары. Көк түріктің   тарихы   тасқа ойылып  жазылды.  Көне түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліпқарайды: 1. Енисей ескерткіштері.2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпыжазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Енисейескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәріде Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің Батыс Сібірдеорналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазуларжатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұлаймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргікезде шамамен 150-дей. 2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырбойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жеріқазіргі Жамбыл облысында. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. 3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынанжәне Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады.Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбаларосы топқа жатады. Мұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білгеқаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерініңорны ерекше. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын. Бұлжазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітаптықұрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегіхалықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабарбереді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтықүлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған.

Мәселен, Күлтегінескерткішінде мынадай  жазу  бар:  «Бектердің, халқының түзу еместігі үшін,табғаш (қытай) халқының алдауына иланғаны үшін, өтірігіне көнгені үшін,інілі-ағалының дауласқанынан, бектің, халықтың жауласқанынан түркі халқыелдігінен айырылды. Қағандық қағанынан айырылды, табғаш халқына бек ұлдары құлболды, сұлу қыздары күң болды. Түркі халықтары түркі атын тастап, табғашбектерінің табғаш атын ұстап, табғаш қағанға бағынды. Елу жыл күш-жігерінжұмсады»дейді. Дегенмен осы  жазулардаТүркі  халқының  қалай құрылғаны, Бумын, Естеми, Құтылық-Елтеріс, Білге  Тоныкөк және Күлтегін секілді түркінің  арда  да асыл ұлдарының,  қаған,батырлардың  «жерде  жатқан халқын  көтеріп,  күн еткенін, сол  жолда  күндіз отырмағаны,  түнде  ұйықтамағыны,   бастыны идіргені,  тізеліні  бүктіргені» жөнінде  кеңінен  жазылған. Бұлардың  бәрі  өте құнды  дүниелер  болып табылады.  

Қазақ  даласында тасқа  қашалған  тағы бір  жәдігер жазба Ұлы  жиһангер, атақты  Ақсақ Темірдің  атымен байланысты. Ол  1391  жылы  Алтын  орда   ханы Тоқтамыспен   соғысуға бара  жатып  Ұлытауға тоқтап,   әскерін   демалдырды. Сол  жерде өзінің осы  маңда  болғаны жөнінде  шағатай  тілінде тасқа қашап  жазба қалдырды.  Жалпы, Әмір ТемірдіңҰлытау бойына келгендігі туралы жазба дерек те, тарихи ескерткіш те сақталған.Темірдің сарай шежірешісі Шараф ад-дин Әли Ниязи «Даңқ кітабында» былайшакелтіреді: «Темір Ұлытауға келгенде алдымен сол таудың басына шығып,төңірегіндегі көк жасыл дала мен сеңгір тауларға ұзақты күнге тесіле қарауменболды. Сонан соң әскерін жинап, сол жерде үлкен кұлпытас орнатуға бұйрық берді.Бармағы майысқан шеберлер осынау сәтгі оқиғаның күнін тасқа қашап жазды»делінген.  Таста:  «Мен Тұранның бегі Темір-бек хиржаның 769 қойжылы Ара айының 21 күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққабелгі қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!» деген  жазу бар.

Бұл тасты 1935жылы Қаныш Сәтпаев тауып Санкт-Петербургке жіберген. Қазір сол Эрмитажда тұр.Бұл  жазуды  1940 жылы ажыратып  алғаш  оқыған адам  профессор  И.  Пеппе мен  қазақтың  көрнекті ғалымы,  академик  Әлікей Марұлан  болатын.

 ...Қара тасқа  қашап  жазылған дүниелер  осылайша сыр  шертеді.

Нұрсұлу Мырзабекова

№201 мектеп гимназия

Алматы қаласы

Тегтер: