Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:50, 18 Шілде 2023

Қарағандыда симуляциялық оқу орталығы ашылды

None
None

Симуляциялық оқу орталығы облыстық жедел жәрдем станциясыныңғимаратында орналасқан.

Дәріс алушыларға төтенше жағдай кезіндежарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы көмек түрлері мен әйелдібосандырудың әдістері үйретіледі. Орталықта алдымен жедел жәрдем бригадалары сабақ алады. Сабақ барысында ересектер мен балалардыңкеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясына арналған манекендер қолданылады.

Муляждар адам анатомиясына ұқсас. Оқу орталығы халықаралық стандартқасай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандардыңайтуынша, барлық құралдар реанимациялық қызмет түрін көрсетуге қолайлы.

– Біз үшін осындай орталықтың қажеттілігі қашанда зор. Бүгіндеоблыстық жедел жәрдем қызметінде 1500-ге тарта адам жұмысістейді. Жаңа талап бойынша оқу жаттығуға дәрігер, фельдшерлермен қоса жүргізушілерге қатысып, біліктілігінарттырады. Бұл арада Қарағандыдағы қосалқы станциялардыңғана емес, Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау және Балқашқалаларындағы дәрігерлер де кәсіби шеберлігін шыңдайтынболады, – дейді облыстық жедел медициналық жәрдем стансасыдиректорының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегіорынбасары Ардақ Науанова.

Жақында симуляциялық орталықтыңбазасында үздік жедел-жәрдем бригадасының облыстық байқауыөтіп, Балқаш командасы жеңімпаз атанды. Олар жаңа орталықтаигерген білімдері мен дағдыларын манекендерді қолдану арқылыкөрсеткен. Енді Балқаш қалалық жедел жәрдем қызметкерлерітамыз айында Семейде өтетін республикалық байқауда облыстыңнамысын қорғайды.

Симуляциялық орталықта келешекте кез келген сұраныс білдірген адамкеліп сабақ алу мүмкіндігіне ие.

Тегтер: