Қарағандыдағы жедел-жәрдемнің жағдайы адам шошырлық
Қарағанды облысында күн санапкороновирус дертіне шалдыққандар саны артып келеді.
Бүгінде билік Қарағандықаласы мен серіктес қалаларды карантинге жауып, жұртты үйден шығармауға үндепжатыр. Күдік пен үрей қарбаласқан қиын шақта дәрігерлердің жұмысы қауырт, тіпті ауруханадан шықпай, еңбек етіп жатқандары бар. Қарағанды қаласындағыдәрігерлердің ішінде короновирусты жұқтырып алғандары да бар екен. Алайдабиліктегілер неше дәрігердің сырқат жұқтырғанын ашып айтпайды. Қарағандыда осыауруды жұқтырып алу қаупі бірінші төнетін жедел жәрдем дәрігерлерінің жағдайымәз емес. Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментініңмониторингтік тобы жедел жәрдем станцияларын тексеріп, бір талай келеңсіздіктіңбетін ашқан.
Жеделжәрдем станцияларында екі үш көліктегі бригадаларды ғана короновирусқа шақыртутүссе жіберуге дайындап қояды. Үкіметтен бөлінетін қаражаттан осы арнайыбригаданың мамандарына ғана үстемақы төленеді. Жақында осы мәселені айтыпшағымданған қарағандылық дәрігерлер Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқахат жазған болатын. Дәрігерлер " кез келген шақыртуға барғанда , кеселді жұқтырып алу қаупі болатындықтан мамандарды алаламай, барлығына бірдейүстемақы төленсе " деген жан айқайларын білдірген. Мониторингтік топтыңбасшысы Ермек Әбілдинде жедел жәрдем қызметіндегі барлық маманға бірдей қаражаттөленуі тиіс деп есептейді. " Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы 11 бригаданың ішінде тек үшеуінғана короновирусқа қарсы қызмет жасайтын арнайы бригада етіп жасақтаған. Қалғанбригадаларда вирустан қорғанатын киімдері тіпті адамның дене қызуын өлшейтінтепловизорлары жоқ. Бұл дәрігерлер де шақыртуға барып жүріп, короновирустыжұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан оларға да үстемақы төленуі тиіс. Сонымен қатарҚарағандыдағы жедел жәрдем станциясы ғимараттарының жағдайы адам шошитынжағдайда тұр ",- деп мәлімдеді Мониторингтік топтың басшысы Ермек Әбілдин.
Шынымен де халықты ауру сырқаудан қорғау үшіналдыңғы шепке шығатын ақ халаттылардың өзіне мемлекет жағдай жасап бере алмайотыр. 24 сағаттық жұмысқа ауысыммен келетін жедел жәрдем қызметкерлерініңдемалатын бөлмелерінің қабырғалары көгеріп, сыз тартып тұр.
Ал жедел жәрдемкөлігін тізгіндейтін жүргізушілерге тәулігіне бір бетперде ғана беріледі, ал бұл бетперденің үш сағатқа ғана жарамды екені белгілі. Бір қызығы арнайыжасақталған жедел жәрдем мамандары шақыртуға киіп барған, қорғаныштықкиімдерін сол жұмыс орнында өздері жуып даладағы көлік гараждарының жанынажайып қояды екен.
Елімізде белең алып бара жатқан кеселді ауыздықтау үшінҮкімет резервінен осымен үшінші рет бірнеше миллиард қаражат бөлінді. Алғаштөтенше жағдай режимі енгізілмей тұрып, денсаулық сақтау министрі ЕлжанБіртанов короновируспен күресуге медицина саласының дайын екенін жеткізгенболатын. Алайда өңірлердің дайындығы әзірге көңіл қуантпай отыр. Жедел жәрдемқызметкерлері бетпердеге жарымай отырса, басқасына не жорық. Жедел жәрдемніңжүдеу жағдайына көңілдері толмаған мониторингтік топ өкілдері Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа бұл мәселеніназарға алсын деген мақсатпен хат жазды. Алайда жазылған хаттармен жағдайдыңшешіле қоятыны шамалы тәрізді.
Арайлым ЕРКЕБАЕВА,
Қарағанды