«Қарамола жарғысының» түпнұсқасы табылды

Тарихта «Қарамолажарғысы» деген атаумен қалған дала заңының құжатталған түпнұсқасы Қазанқаласынан табылды.
Заңдық жазылуына сай ереже болып саналғанымен, бұл жарғыныңерекшелігі оның дайындалып, қабылдануына Абай Құнанбайұлының мұрындық болуындажатыр. Жасыратыны жоқ, Абай шығармашылығы, өлеңдерінің шығу тарихы түбегейлізерттеліп, ғылыми тұрғыдан жеткілікті талданғанымен, ақынның қайраткерліктұлғасын айқындайтын «Қарамола ережесі» назардан тыс қалып келеді.
Осы орайда, СемейдегіАбай қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева мен бөлімбасшысы Нұрсұлу Санақбекқызының Мәдениет министрлігінің қолдауымен Татарстанастанасы Қазан қаласына арнайы барғанда жинақ болып басылып шыққан «Қарамолаережесінің» түпнұсқасы табылуын ерекше жаңалық деуге әбден болады.
«Келесі жылы Абайдың 175жылдық мерейтойын атап өтер алдында мұндай құжаттың табылғаны үлкен олжа. 74баптан тұратын бұл Ережені Қазан Федералды университетіне қарасты Лобачевскийатындағы кітапханадан таптық. Қадым жазуымен жазылған екен. Негізінде бұл құжаттың қабылдануы мен ел арасына таралуы туралы деректер менестеліктер өте көп. Қазіргі графикаға аударылған нұсқасы біраз уақыттан берібелгілі болса да, басылымның түпнұсқасы немесе көшірмесі беймәлім болатын. 1959жылы ҚР Ғылым Академиясының қызметкері, ғалым Қарта Қаңтарбайұлы Қазанқаласынан тауып, аудармасын ғана жасап алған. Осы аударманың машинкада терілгеннұсқасы музей қорында сақтаулы тұр. Ал осы Абай музейінде талай жыл қызметатқарған Мұздыбай Бейсенбайұлы 1984 жылы Қазан қаласына барып қайтқан сапарындаосы жарғыны көргенін жазған еді. Алайда еліміздегі кітапханалар мен музейқорларында осы күнге дейін Қазан қаласында басылған Қарамола жарғысыныңбірде-бір көшірмесі болмаған»,-дейді Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева
Хакім Абайдың бастамасымен 1885 жылы қабылданған«Қарамола жарғысы» 1886 жылы Семей облыстық әскери губернаторының өкімінесәйкес Қазандағы Императорлық университеттің баспаханасынан жарық көріпті. Музейбасшылығы енді, ереженің түпнұсқасымен Қарта Қаңтарбайұлы аударған нұсқаныңсәйкестігін салыстырып, ары қарай де зерттеу жұмыстарын тереңдетуге ден қойыпотыр.
Фото: yunews.kz