«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 60 жоба қаржыландырылады

Шымкентқаласында агроөнеркәсіп, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз бен үйтауарлары өндірістері құрылатын болады.
Бұл жобалар «Қарапайым заттарэкономикасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр.
Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8млрд. теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның ішінде 60-қа жуық жобамақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд. теңгеге37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялықдаму басқармасының мамандары мәлімдеді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 23,3 млрд.теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлібанктермен қаржыландыру жоспарлануда.
Айта кетейік, аталған бағдарламаға шағын және орта бизнессубъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттарэкономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілерінежеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларындамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 10 жылға дейін 15пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал,агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығыбасқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 6 және 5пайызбен өтейді.