Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:04, 05 Мамыр 2020

Қашықтан оқыту қазаққа нені түсіндірді?

Бүкіл әлемдік коронавирусинфекциясы елімізді де айналып өткен жоқ. Қатерлі дерттің қазақелі үшін де қауіптілігін ескерген білім және ғылым министрлігі жоғары оқуорындары мен колледж студенттерін және мектеп оқушыларын дер кезінде үйжағдайында білім алуға көшіріп, жұқпалы дерттің асқынып кетпеуінің алдын алды.

Шын мәнінде бұл өте тиімді тәсіл еді. Қашықтан білім беру – оқу процесіне тәнкомпоненттерді көрсететін және интернет-ресурстар мен ТВ-сабақтар арқылықашықтан іске асырылатын мұғалім мен оқушылардың өзара іс-қимылы. Дегенмен, бізалғаш рет кезіккен қиындық оңай болмай шықты. Бұл тұрғыда министр АсхатАймағамбетов: «Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен,қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуғабағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн.Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс. Біз осындайжағдайға тап болған басқа елдердің тәжірибесін алдын ала зерделедік. Іс жүзіндеолардың барлығы қашықтан оқу режиміне көшкен: бүкіл әлем бойынша 870 миллионнанастам оқушы осындай форматта білім алуда. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер ментәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқытуғакөшу туралы шешім қабылдадық», – деді өзекті мәселеге қатысты бергентүсіктемесінде. Ең бастысы, қашықтан оқытудың қазаққа қандай қиындық ала келді,нені ұғындырды? Осы сұрақ бәрімізді ойландырады. Студенттер мен оқушылардыңдені ауылда жерлерде тұрады. Олардың барлығын компьютер мен ноутбукқа немесезаманауи телефонға қол жетімді ме? Барлық жерде интернет желелері жоғарыжылдамдықта жұмыс істеп тұр ма? Бұл тұрғыда әлеуметтік желілерде пікірайтылмады. Одан қала берсе, мектептегі мұғалімге ғана арқа сүйейтін ата-аналарөз баласымен бетпе бет келгенде сүрініп кеткендей болды. Себебі барлық ата-анабілім ме тәрбие беруде ұстаздар еңбегінің өлшеусіз екендігін сезінді. Біріншікезекте қандай деңгейдегі ұстаз болсын, ата-ана немесе оқушы мүлде басқа заманкелгенін айқын сезінетін уақыт келді. Президентіміздің елімізді цифрландыруғатездетіп көшіру туралы бастамалары – барлық жағынан заңды. Келешекте уақыттіпті қатал талап ететін болады. Сондықтан бәріміз жұдырықтай жұмылып,электронды құралдармен, интернетпен жұмыс істеудің тиімді тұстарын ерінбейүйренуіміз тиіс. Қазіргі қиындық уақытша құбылыс. Соған қарамастан қандайжағдайда да ұстаз баланың білім ордасында жоқтығын басқаша пайдаланабуы керек.Босаңсымауы тиіс. Осы тұрғыда Алматы техника – экономикалық қатынас жолдарыколледжінің ұжымы да заманға бейімделіп үлгерді. Білім беру жүйесінде дәстүрлітүрде қалыптасқан оқыту түрлерімен қатар қашықтықтан оқыту түсінігін жақсытүсіне бастадық. Білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялықтехнологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрлерін меңгеру жолғақойылды. Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің педагогикалықұжымы жауапкершілік жүгі кімге көбірек түсетінін жақсы біледі. Мұғалімдерқашықтықтан білім берудің жаңа форматын ұйымдастыра отырып, Ватсап, зум,инстаграм, вк сайттарында бейне сабақтар пайдаланып, конференциялар өткізіп,электронды журнал арқылы жүзеге асырып отыр. Колледж ұжымы өздері белгілегенсайт арқылы студенттерімен қиыншылықты жеңе отырып үздіксіз білім беріп үйрету арқылыplatonus платформасы арқылы қашықтықтан оқытуды сәтті іске асыруда. Сөз соңындаайтпағым, «Оқысаңдар, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп басталатын ЫбырайАлтынсарин бабамыздың ұлы сөз ұлтымыздың ұранына айналар кез келді. Цифрландырубізге қиындық емес, жеңілдік, сапалы білім, оңтайлы жағдай жасайтынынтүсінгеніміз абзал.

БауыржанАНТОНОВ,

 Алматы техника – экономикалық қатынас жолдарыколледжінің атқарушы директоры

 

 

 

Тегтер: