Қашықтықтан оқыту-тығырықтан шығудың жолы

«Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді»деген Мырзатай Жолдасбековтыңойы қазіргі кезеңге дәл айтылған тәрізді.
Сондықтан қиындықты жеңудімақсат еткен еліміздегі ұстаздар қауымы 4-тоқсанды жаңа форматта бастап кеткенібәрімізге мәлім.
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мұғалімнің қашықтан өзара іс-қимылыкезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялыққұралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту екендігін де білеміз.
Қашықтықтан білім беру, білім алушылардыңүлгерімін ағымдық бақылау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқубағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқығаноқушылар өз бетімен білім алуғабағыталады және оны жүзеге асыруда ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасауынамүмкіндік туындайды. Бұл үшін біздің С.Сейфуллинатындағы №74 жалпы білім беретін мектепте қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары, Kundelik.kz, BilimLandбілім платформалары қолданылуда. Электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы да ұйымдастырылады. Жаңа форматта оқытуда қиындықтар туындаған жоқ, керісіншеоқушылар мен ата-аналар қашықтан оқыту үдерісіне тез үйреніп, оқушының ізденужұмысына мүмкіндік жасауда.
Оқытушының кеңесі– қашықтықтан оқытудыорындаудың міндетті шарттарының бірі. Мектеп директоры М.Ш. Алтынованыңбасқаруымен әр сынып бойыншаұйымдастырылған білім чаттарын, оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларын бақылау мақсатында әр сыныптың чаттары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларыР.А. Батырбекова, Ж.М. Садықова, А.С. Юсупова,Г.А. Билибаеваларға бөлініп, қадағалау жұмысы жүктелген. Мектеп басшысы МақсатШаймерденқызының нұсқауымен бақылау-кеңес беру жұмыстары жүйелі түрдежүргізіледі. Әр сабақтың қызықты әрі оқушының жас ерекшелігіне сайтапсырмалармен толықтырылуына, оқшылардың сабаққа түгел қатысуына, тапсырмалардыңқолжетімді болуына бақылау мектеп әкімшілігі тарапынан жүргізіледі. Әр сынып бойынша сабаққа оқушылардың белсенеқатысуы негізге алынады. Басты мақсат оқушылардың сабаққа 100 % қамтылуы болыптабылады. Бұл жұмыс күнделікті мектеп басшы М.Ш. Алтынованың жіті қадағалануында, мәселелер туындағанжағдайда бірден шара қолданылып, түзетілу жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналармен де тығыз байланыс орнатылған.Бір күнгі жұмыстың жүргізілуі сол күннің соңында мектеп басшысыныңұйымдастыруымен директордың орынбасарларымен бірге конференция ұйымдастырылып,талқыланады. Оқушылар мен мұғалімдерден кері байланыс ұйымдастырылып, қиындықтудырған мәселелр бойынша келесі қадамдар жасалып, қиындықтан шығу мәселелеріқарастырылады.
Қашықтықтаноқыту барысында мұғалім оқушының жұмысын,жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруменшұғылданады. Осыған байланысты қашықтықтаноқытуда білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайтыныанық. Сондықтан біз мектеп әкімшілігі осы бағыттағы жұмыстарды белсенді түрдежүзеге асырып отырмыз. Әр пән мұғалімінің оқушының өз берімен жұмысынұйымдастыруы жіті бақылауда болып, оқушының өз бетімен білім алуына барлықмүмкіндіктер қарастырылған .
№74 жббмдиректордың
оқу ісіжөніндегі орынбасары
Батырбекова Р.А.