Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
04:15, 17 Маусым 2019

Қасым хан туралы сериалды түрік режиссеры түсіреді

Қасым хан туралы сериалды түрік режиссеры түсіретінболыпты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ facebook.comәлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Гюнай МЕТИН «Ертұғрыл» сериалын түсірген режиссер. 56жастағы түрік маманы экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ арнайы шақыртуыменкеліпті.

«Достарым,Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, Отырар төбе және Отырар сапарорталығымен таныстық. Менімен бірге танымал«Ертұғырыл» сериалының авторы және режиссёрі Гюнай Метин мен журналистер барды.Жақында еліміздеқазақ тарихындағы маңызды тұлға — Қасым хан туралы сериал түсірірілетінін білесіздер. Елбасының арнайышақыртуымен келген Гюнай Метин сценарий жазып, режиссёр ретінде тарихиорындарды көруге аттанды», — деп жазды министр.

Шетелдікрежиссерлар бұған дейін де қазақ ханы туралы түсірген. 2004 жылы ресейлікрежиссер Сергей БОДРОВ Абылай хан туралы «Көшпенді» фильмін түсірген еді. Бұлжобаға чех режиссеры, сценарист Иван ПАССЕР де араласқан болатын. Отандықрежиссер Талғат ТЕМЕНОВ ат салысқанымен 34 млн АҚШ долларына түсірілген «Көшпенділер»көпшіліктің көңілінен шықпаған-ды. 

Түрікрежиссеры түсіретін Қасым хан бейнесі қалай сомдаларын алдағы уақыт көрсетер.Айтпақшы, жақында тарихи сериалға кастингжарияланатын болады. «Қасымхан» сериалын  75 серия етіп түсіру жоспарланыпотыр екен.

Фото: facebook.com

Тегтер: