Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:56, 23 Наурыз 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев:«Жас Алаштың» жүз жылдық жолы – төл тарихымыздың жылнамасы (видео)

None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас Алаштың» жүз жылдық жолы – төл тарихымыздың жылнамасы, ұлт руханиятының шежіресі екенін баса айтты.

Бұл ретте Президент: 

-  Оның алғашқы нөмірі осыдан тура бір ғасыр бұрын 22 наурызда, Ұлыстың ұлы күнінде жарық көруінің символдық мәні зор. Тұңғыш бас редактор Ғани Мұратбаев бастаған көптеген көрнекті тұлғаларымыздың ел мүддесі жолындағы қайраткерлік қызметі осы басылыммен тығыз байланысты. Кезінде Алаш арыстарының еркін ойларының мінберіне айналған газеттің беттерінде халқымыздың біртуар перзенттерінің айқын қолтаңбасы бар. «Жас Алаш» – қазақ журналистерінің ұлағатты ұстаханасы,-деді.  

Сондай-ақ Президент Телерадио кешені «Жас Алаштың» тарихынан сыр шертететін бейне материалды инстаграм парақшасында жариялады. 

Тегтер: