Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 16 Қаңтар 2020

Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды

None
None

Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлады 16 қаңтарда Ақорда.

Ол президент жарлығымен президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылған.

Бұған дейін мемлекеттік күзет қызметін Әнуар Садықұлов басқарған. Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

62 жастағы Қасымов былтыр 12 ақпанда президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған. Оған дейін 8 жыл ішкі істер министрлігін басқарды.

Сегіз жылдың ішінде Қасымов басқарған министрлік бірнеше рет қоғам сынына ұшырады. Оның отставкаға кетуін талап еткендер де көп болды. 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция ереуілге шыққандарға оқ атып, 16 адам мерт болған. Бұл оқиғаға қоғам әлі күнге дейін Қасымов басқарған министрлікті айыптайды.

Оқи отырыңыз: Қасымов кетті ме, әлде қалды ма?

Қазақстанда болған жер митингілері мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен наразылық кезінде белсенділерді ұстау, көшеге шыққандарды қудалау оқиғаларына да Қасымовты айыптады. 2018 жылы жазда мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының жүлдегері Денис Тен кісі қолынан қаза тапқаннан кейін қоғам жаппай Қасымовтың отставкасын талап етті.

Бірақ толассыз сынның астында қалса да, Қасымов қызметін жалғастыра берді. 2018 жылы көктемде Қазақстан президенті Назарбаев халыққа жолдауы кезінде Қасымовты "ең тәжірибелі полицей" деген.

Тегтер: