Қатерлі ісік ертелеу анықталатын болды
-Алматыоблысындағы медициналық мекемеге онкологиялық ауруларды ерте анықтауғамүмкіндік беретін ТМД аумағында теңдесі жоқ жоба іске қосылғаны белгілі.
Жобаның артықшылығы туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Бұл жоба туралытолық айтып берсеңіз.
-2018 жылы іске қосылған жоба Алматы облысындағы 16медициналық мекемелердегі кешенді медициналық ақпараттық жүйені орталықтандырумақсатындаіске қосылған болатын.Яғни, осы жүйеге қосылған алыс аудандардағымедициналық мекемедегі компьютерлік, магнитті-резонансты томография,рентгенография, маммографиярадиологиялық зерттеулерді бірыңғай радиологиялықақпараттық жүйеге біріктіреді.Қарапайым тілмен айтқанда шалғай аудандардағымедициналық мекемелерде жасалған рентген, КТ, МРТ суреттері орталықтанғанжүйеге бірден түсіп, облыс орталығындағы мамандардың бақылауына алынады.Орталық жүйеге түскен сурет арқылы онкологиялық ауруға күдікті адамды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Жоба«Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен жекеменшік компания арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындажүзеге асырылды.Бұл ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей жоба және Қазақстандаалғаш рет қолға алынып отыр.
-Бұл жобаның бастыартықшылықтарын айтып өтсеңіз.
— Бұл жоба бірден 4 негізгі міндетті шешеді. Бірінші, ертедиагностика жасауға, екіншіден, радиолог-дәрігерлер кадрларының тапшылығымәселесін шешу, үшіншіден, денсаулық сақтауды цифрландыру, төртіншіден, жасандыинтеллектті пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерді қолдануғамүмкіндік береді. Жоба аясында онкологиялық ауруларды диагностикалау кезіндежасанды интеллектті қолдану қазірдің өзінде өкпе обыры мен сүт безі обырыныңерте сатысында анықтауды 13% — дан 60% — ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етті.Әдетте, адамның көзі 5 мм-ден асатын ісіктерді көреді, ал жасанды интеллектдәрігерге 1 мм-ден бастап ісіктерді анықтауға көмектеседі.
-Бұл жобаға Алматы облысының барлық шалғай аудандарындағы медициналықмекемелер қосылған ба?
- Жоба Алматыоблысының 16 медициналық мекемесін қамтиды. Талдықорған қалалық көпсалалыауруханасында өндірістік өнімділігі жоғары серверлері бар деректерді өңдеуорталығы орнатылған. Онда күн сайын барлық медициналық мекемелердежасалғанрентгенологиялық зерттеулер жинақталып, мұрағатталады. Сонымен қатар компьютерліктомографтың зерттеулерін сипаттайтын дәрігерлерге бір уақытта бірнешекескіндерді шығару үшін экранды бөлу мүмкіндігі бар түрлі-түсті медициналықмониторлар қойылды. Ал маммографиялық зерттеулерді сипаттайтын дәрігер үшінарнайы кескінді өңдеу алгоритмі бар арнайы жоғары ажыратымдылықтағы медициналықмониторлар жасалды. Олар қара және ақ кескіндерді жақсырақ көрсетуді қамтамасызетеді және сәйкесінше маманға суретті бастапқы түрінде жеткізуге және нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоба шеңберінде дәрігерлерге өкпе және сүтбезінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау бойынша жұмысты жеңілдететінжасанды интеллект жүйесі енгізілді.
-Қазіргі уақытта онкологиялық аурудың қай түрлері белең алып отыр?
- Медицинамамандарының айтуынша, бүгінгі күні өкпе обыры мен сүт безі обыры онкологиялықаурулар құрылымында кең таралған аурулардың бірі болып табылады. Сондықтан бұлқауіпті ауруларды ерте кезеңде диагностикалау өте маңызды және емдеудіуақытында бастауға мүмкіндік береді. Жоба іске қосылған уақыттан бастап 323034адам тексеруден өткен.
-Сұхбатыңызғарахмет!