13:04, 20 Қараша 2018
Қазақ боксындағы өзгерістер
Биылғы жыл әуесқой бокс үшін жаңалықтарға толы болды. Біз өз кезегімізде өзгерістерге шолу жасап көрген едік.
Қонақбаевтың Мәскеуде жолы болар емес1980 жылы Мәскеудегі олимпиада ойындарында бокстан алғаш рет қазақ баласы финалға шықты. Бірақ шешуші сында Серік Қонақбаев Италиядан келген Патрицио Оливаға есе жібереді.Қараша айының басында Мәскеуде Халықаралық бокс қауымдастығы (АИБА) жаңа президентін сайлады. Екі үміткердің бірі – Серік Қонақбаев болатын. Бірақ отандасымыздың алдын өзбекстандық Гафур Рахимов орап кетті. Рахимовті 134 адамның 86-сы қолдады. Жеңіске жету үшін 70 дауыс жинау керек еді. Рахимовтің жалғыз қарсыласы Серік Қонақбаев қажетті дауысты ала алмады. Оны тек 48 адам қолдады.«Шынымды айтсам, сайлаудың қорытындысына көңілім толған жоқ. Бірақ спорттың жанкүйері ретінде олимпиадалық бокстың болашағы үшін күресті жалғыстыра беремін. Әлем боксшыларының Олимпиада чемпионы атанамын деген арманын орындау үшін аянып қалмаймын. Бұл істің соңы емес, керсінше реформаның басы десек те болады. Бұл боксты құтқаруға көмектеседі. Біз күресті тоқтатпаймыз. Әзірге бірінші раунд аяқталды, алда екінші раунд бар. Мені қолдаған азаматтардың барлығына алғыс білдіремін. Әсіресе, қазақстандықтарға. Біз біріксек ғана бокстың даңқын асырамыз», – дейді Серік Қонақбаев Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.Осылайша, Қонақбаев Мәскеуде тағы да екінші орынды қанағат тұтты…Салмақ дәрежелерінің саны тағы да қысқардыМәскеудегі АИБА Конгресінде 2022 жылғы олимпиада ойындарында боксшылар неше салмақта медальдар жиынтығын сарапқа салатыны анықталды. Токиода ерлер бар-жоғы 8 салмақта бәсекеге түседі. Бір кездері 12 салмаққа дейін болған еді. Жапония астанасында боксшылар 52, 57, 63, 69,75, 81, 91 және +91 келі салмақтарда бақ сынайды. Бұрынғы салмақтардан 49 және 60 келі жойылды. Сосын 64 келіге дейінгі салмақ 63 келі болып өзгерді.Есесіне, әйелдер әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері бесеуге дейін көбейді:51 келі, 57 келі, 60 келі, 69 келі,75 келі.Үш боксшы карьерасын аяқтадыЖақында ресми түрде ұлттық құрама сапында жүрген үш боксшы карьерасын аяқтады. Атап айтсақ, екі дүркін олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Азия ойындарының жеңімпазы Антон Пинчук және әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Әбдірахманов былғары қолғаптарын шегеге ілді. Соңғы екеуі былтыр Шымкенттегі Қазақстан чемпионатына қатысып, жеңіске жеткен еді.Ақтауда өткен бокстан Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының әкімі осы өңірден атынан шыққан Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановқа шапан жауып, қошемет көрсетіп шығарып салды.«Әділбек бауырымыздың отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан зор. Екі бірдей олимпиада ойындарының жүлдегері атану кез келген спортшының қолынан келмейді. Сондықтан Әділбек алдағы уақытта тек жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз және спорттық ғұмырындағы тәжірибесін өскелең ұрпаққа, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне бағыттайтынына еш күмәніміз жоқ дейді», – облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Жаңа құрамаАқтауда өткен Қазақстан чемпионатынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов 2019 жылғы құрамаға ілінген спортшылардың тізімін жариялады. Ел чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен боксшылардың барлығы енді құрама штатына ілігіп, ай сайын жалақыларын алып отырады.Қазақстан боксшылары келесі жылы Азия чемпионаты мен әлем біріншілігіне қатысады. Бұл додалардың барлығы бұрынғыдай 10 салмақ бойынша өткізіледі. Тек олимпиада ойындарында ғана салмақ саны қысқарған.Құрамаға жаңа қосылған боксшылардың арасында Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Оразбек Асылқұлов (56 келі) бар. Соңғысы Ақтаудағы чемпионаттың жаңалығы болған боксшылардың бірі. Турнирде Ілияс Сүлейменов, Нұрбол Қалжанов секілді тәжірибелі спортшыларды ұтып кетті.Рио Олимпиадасынан кейін құрама капитаны болып, Әділбек Ниязымбетов тағайындалған болатын. Енді ол кеткен соң, алдағы уақытта жаңа капитан сайланады екен. Айтпақшы, Ниязымбетовтің орнын 20 жастағы Түркістанның тумасы Бек Нұрмағанбет басады деп күтілуде. Ол Ақтаудағы чемпионатта 81 келіде топ жарды. Бекзат Саттарханов дүниеге келген өңірде туып, боксшының атындағы мектепте тәрбиеленген жас спортшыдан құрама бапкерлері де үлкен үміт күтіп отыр.Бокстан 2019 жылғы штаттық команда: 49 келіТеміртас Жүсіпов, Ермек Мадиев, Жомарт Ержан, Жандос Несіпжан;52 келіСәкен Бибосынов, Азат Махметов, Әнуар Мұзапаров, Абай Қуандықов;56 келіҚайрат Ерәлиев, Жанболат Қыдырбаев, Нұрбол Қалжанов, Оразбек Асылқұлов;60 келіЗәкір Сафиуллин, Саматәлі Төлтаев, Серік Теміржанов, Бағдат Уайдаев;64 келіБекдәулет Ибрагимов, Санатәлі Төлтаев, Сабыржан Бекбергенов, Талғат Шайкен;69 келіАбылайхан Жүсіпов, Асланбек ШымбергеновЕрмахан Жәкпеков, Мәулен Өскенбек;75 келіӘбілхан Аманқұл, Ерік Әлжанов, Тұрсынбай Құлахмет, Нұрбек Оралбай;81 келіБек Нұрмағанбет, Тимур Ержанов, Михаил Коханчик, Нұрлан Сабыров;91 келіВасилий Левит, Бекзад Нұрдәулетов, Абзал Құттыбеков, Айбек Оралбай;+91 келіҚамшыбек Қоңқабаев, Нұрлан Сапарбай, Айболды Дәуренұлы, Дамир Тойбай.Бек Төлеуов