«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі телеэкранға шығады

«Қазақ хандығы.Алтын тақ» фильмі тұңғыш рет телеэкран арқылы көрсетіледі. Тарихи фильмді 6-шілдекүні «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрсетпек.
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің желісі «Қазақ хандығы.Алмас қылыш» туындысының жалғасы ретінде Керей мен Жәнібек хандардың ӘбілқайырШайбани ұрпақтарымен Сығанақ тағы үшін таласы төңірегінде өрбиді. Фильм сценарийі Ілияс Есенберлиннің«Көшпенділер» трилогиясының негізінде жазылған.
«Ұлттық арнаныңмерекелік кестесіне бірнеше тұсаукесер жобалар енгізілді. Солардың бірі — Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы: Алтын тақ» кинодастаны. Тарихи туынды«Qazaqstan» арнасынан сенбі, 6 шілде күні сағат 17:10-да көрсетіледі», — депхабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
Естеріңізге салсақ, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильміжалпыұлттық прокатқа осы жылдың наурыз айында шығарылды. Қазақ тарихындағыкүрделі кезеңдерді сипаттайтын жоба арқылы көрермен көшпенді халықтыңтыныс-тіршілігіне терең үңіле алады.