Қазақ неге өспейді?
Исі қазақтың талайына жазылғаны сол ма, әйтеуір, өсім беруге келгенде сәйгүліктейбауыры жазылып, бір көсіле алмады.
Өсуімізден өшуіміз көп, өксігіміз одан да көп ұлт екенбіз. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, көрші жатқан, тамыры бір ала шапанды өзбектер тәуелсіздік алған 1991 жылы 17 миллионға да жетпейтін ел еді. Бүгінгі күні ресми түрде 33 миллионның ар жақ, бер жағында. Ондағы жұрттың төрттенүші өзбектер. Ал біз ше? Тәуелсіздік қарсаңында 16 млн-нан сәл ғана асатын едік. Бір сөзбен айтқанда,өз-ағам өзбекпен шамалас болдық.Қазір ше? Бүгінде Өзбекстан халқының ұзын саны 33 млн-ға жетіп жығылады Ал кешеғана ұлттық экономика министрлігінің статистикакомитеті Қазақстанның халық саны18 711,2 мыңға жетті деп жариялады.Енді салыстыра беріңіз, қай елдің халқы өскенін. Сонда деймін, өзбектің еркегі асыл, әйелдері жатырлы да, қазақтың ері белсіз, әйелі жатырсыз болып шыққаны ма?
Әрине, Қазақстан тәуелсіздік алғалы4 миллионға тарта славяндар және өзге деұлттар өздерінің тарихи Отанына көшіп кетті деген уәж айтылар. Дұрыс. Мұндай үрдіс Өзбекстанда да болды. Десе де,өзбек халқы тез өсім берді. Біз болсақ көшіп кеткендердің орнынатамекенге оралған қандастармен һәм азды-көпті жергілікті халықтың өсімімен әупірімдеп толтыра алдық. Қазір елдегі 19 млн-ға тарта халықтың12,5 миллионы қазақтар. Ал Өзбекстан халқының 85 пайыздан астамыөзбек. Бұл қайдан шықты? Осы жерде бұ қазақтың өзбектен несі кем деген сауал туары анық. Әрине, мынаны еске алуға тиіспіз. Қазақ ұлты тағдырдан көп таяқ жеді: 1916 жылғы ұлт-азаттықкөтеріліс, 1918-20 жылдардағы ақ пен қызыл айқасы, 1921-22 жылдардағы аштық,одан кейінгі тәркілеу, колхоздастыру, үркіншілік,1931-32 жылдардағы ашаршылық, 1937-38жылдардағы саяси қуғын-сүргін, 1941-45 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс(Ұлы Отан соғысы) – осының бәрі исі қазақтың өсуіне үлкен бөгет болды. Миллиондаған боздақ қырылды, аштан өлді. Мұндай зұлмат-нәубеттер болмағандақазақтың ұзын саны 30-40 миллионның ар жақ, бер жағында болар ма еді?! Бірақ ондай бақытты Алла қазаққа жазбапты.
Айтқымыз келгені – өткен тарих емес, тәуелсіздіктен бергі кездегі халықтың өсу саны. Сонымен, өзбек озды, қазақ кейін қалды. Неге?Тәуелсіздік қарсаңында екі елде де халық саны (16-17 млн) орайлас еді. Бәлкім,бұл мемлекеттердің ұстанған саясатына да байланысты болар. Айтпағымыз – бір ұлттыңекінші ұлтты «жұтып» қою саясаты. Жалпы, бір ұлттың екінші бір ұлтты«жұтып» қоюы, яғни өзіне сіңіре отырып «бір ұлт, бір дін, бір халық» атануытарихта бар дүние. Өзге әлемді ысырып қойып, қоңсылас отырған қытайдың,өзбектің, орыстың арғы-бергі тарихына көз салар болсақ, бұл ұлттардың өзге ұсақхалықтарды «жеп» қоюда өте «тәбетті» екенін байқауға болады. Өз заманындаарыстанша ақырған ғұндарды, күнше күркіреген түріктерді іштен іріте отырып,бәрін болмаса да, жартысын Қытайдың жұтып қойғаны белгілі. Сол секілді орыспатшасының отарлау саясатының құрбаны болған Сібірдегі қаншама ұсақ ұлттардінінен, тілінен, ділінен айырылды. Орысқа сіңіп кетті. Тіпті аты-жөндерінедейін өзгертті. Сол секілді бүгінде 33 миллионға жетіп отырған өзбектер де өзгеұлтты «алашапанды өзбек» етуге келгенде өте белсенді болды. Ал, шындығында,өзбектің құжатын көтеріп жүргендердің арғы тегін тексеретін болса, онда олардыңшамамен 25-30 пайызы тәжік, шамамен 10-15 пайызы қазақ және т.б. ұлттар болып шыға келері анық. Бірақ олардың бәрі өзбекке тастайбатып, судай сіңіп кеткендер. Міне, бұл өзгені жұта отырып, әлеуетті күшкеайналудың бір қыры.
Осы орайда, қазақ неге «тәбетсіз» деген ойқылаң береді. Расында, неге? Әйтпесе 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріпжатқан мемлекет емеспіз бе? Бәрін болмаса да, біразын қазақ атандырып жіберугешамамыз келмес пе еді? Кейбір деректерде еліміздегі қазақтардың үлесі 70-75 пайыздың көлемінде депкөрсетілген. Мейлі, қалай десек те, өз жерімізде басымдыққа ие ұлт екенімізәмбеге аян. Солай бола тұрса да, азын-аулақ өзге ұлт өкілдерін өзімізге негесіңіре алмай отырмыз? Не бөгет? Жүргізіліп отырған саясат па, әлде өзіміздіңенжарлығымыз, қырсыздығымыз ба? Дұрысы, биліктің ұстанған саясаты деуге болар. Өйткені Қазақстандағы ешқандай ұлтқабасымдық бермей, бәрін тең ұстау керек деген ұстаным бар. Тіпті өзге ұлтөкілдерінің мәдениетін, тілін, дінін дамытуға рұқсат етілген. Арнайы орталықтары бар, мектептер ашып қойылған. Мұндай жағдайда өзге ұлтты сіңіріп,«жұтып» қою мүмкін бе? Әрине, жоқ. Демек, Қазақстан халқы «үлкен қазаққа»айнала алмай жатуы да осында.
Әрине, бәріне билік кінәлі дей беруге болмас, бұл жерде ұлттың да кінәсі бар. Мәселен, өзәдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге өткеннің сарқыншағы деп менсінбей қарауымыз.Екіншіден, қазақ және орыстілді болып бөліну. Елдің мемлекеттік тілі атаныпотырған ана тілімізді үшінші сорттағы (орыс, ағылшын тілінен кейін) тіл ретіндеқабылдауымыз. Тіпті қазақтардың біразының өз ана тілін білмеуі, біліп тұрса да,өзге тілге бейімділік танытуының өзі өзгелерді кері тебуге себеп болып отыр.Қысқасы, мұндай жағдайда өзге ұлтты өзімізге сіңіру мүмкін бе? Әрине, жоқ.Керісінше, біз өзге ұлттың жемсауына түсіп бара жатқандаймыз ба, қалай?
Ал өзбек билігінің өзге ұлттарға деген саясаты өзгеше болды. Жалпақшешейлік қалып танытпады. Өзбек тілін білуді міндеттеді, құжатында өзбек деп жазылса, жақсы жұмыс, билік тармақтарында өсуге мүмкіндік жасалды. Бұл жерде өз тарихи Отанына кете алмаған өзге ұлт өкілдеріне амалсыз һәм мәжбүрлі түрде өзбек болып жазылуға туракелді. Біздің билік олай жасай алмады.Өзбектен кемдігіміз осы. Өспеуіміздің бір ұшы осында жатыр.
Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»