Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 14 Маусым 2019

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» проза байқауы өтеді

Байқаудың мақсаты:Қазақ прозасында бірлі-жарым шығармалар болмаса, қаланың күнделіктітыныс-тіршілігі мен қала адамдарының ойлау жүйесі, дүниетанымы мен мәдениеті,қазақтың қалаға бейімделу мәселелері әлі күнге толық қамтылмай келе жатқантақырып.

Байқаудың негізгі мақсаты – соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген осымәселеге ­– қазақ әдебиетінің қала прозасы жанрын дамытуға үлес қосу.

Байқаудың міндеті:

жазушыларға шығармашылыққолдау көрсету;

қазақ прозасыныңтақырыптық ауқымын кеңейту;

қазақ жазушыларын қалатақырыбын игеруге ынталандыру;

бүгінгі заманғы қалакелбеті мен тыныс-тіршілігін әдеби шығармалар арқылы тарихта қалдыру.

Байқаудың шарттары:Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматыныңбүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттегенпрозалық шығармаларын жолдай алады;

байқау, жалпы, қалапрозасына арналғандықтан, қала атының нақты аталуы шарт емес;

прозалық шығарманыңкөлеміне TimesNew Roman қарпі, 14 кегль өлшемі бойынша (1 жоларалық өлшем) 25 беттен аспауы керек:

байқауға лақап атпен ұсынылғаншығарма қабылдандайды;

байқауға жолданған шығарма авторысуреті мен қысқаша өмірбаянын таныстырылым үшін жазып жіберуі шарт;

байқауға ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс;

байқауға қатысушылардың жасы 45 жастан аспауы керек;

шығармалар 1 шілдеден бастап 1 қазанға дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушыларданқұрылған қазылар алқасы анықтайды.

Байқауға ұсынылған шығармаларды бағалау кезінде олардың:

көркемдік деңгейінің жоғары болуы;

қала прозасы жанрына қойылатын талаптарға сай болуы;

қала адамының психологиясы мен қала көріністерінің сенімді суреттелуі;

әріптік және стильдік қателіктердің болмауы талап етіледі.

Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шығармалар іріктеуденөтпейді.

Байқауға ұсынылатын шығармалардыңтақырыптық ауқымы:

байқау қатысушыларына тақырыптық шектеу қойылмайды; қала, урбанизация,урбанистік мәдениет тақырыбына арналған кез келген шығарма қабылданады.

Соның ішінде:

қазақ пен қала;

Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі;

тарих толқынындағы қала;

бүгінгі қала тіршілігі;

қаладағы жастар өмірі;

қазақтың қалаға бейімделуі;

урбанизация;

қала мәдениеті;

қазақ ұғымындағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала– қазаққа жанашыр» т.б.);

қалада туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі;

қылмысты қала (детектив)т.б.

Байқауға қатысу үшін:

шығармалар компьютерде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өлшемібойынша (1 жоларалық өлшем) жазылып, электронды нұсқада тиісті мекенжайғажолданады;

қатысушы аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі,өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты электронды нұсқада қосажолдауы тиіс.

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық байқауының жүлде қоры:

1-орын – 1 миллион (1000 000) теңге;

2-орын – 500 мың (500000) теңге;

3-орын – 300 мың (300000) теңге;

Сонымен қатар арнайы жүлделер мен ынталандырусыйлықтары бар.

Қосымша ақпарат: байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарғасай жазылған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыдакөрсетілген өлшемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алтыбеттен асатын шығармалар газет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз кезегіндеқазылар алқасының әділ шешім шығаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуінеықпал етеді.

Байқаужеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газетте жарияланған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.

Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала» байқауына қатысу үшін!» дегенескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды поштасына жолдайды.

Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ғана жарияланады. Марапаттау Алматықаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаздарыанықталған соң, авторлар жеке хабарландырылады.

Мекенжай:

050044, Алматы қаласы

Достық даңғылы 97/Б үй, 7/3 кеңсе

Республикалық «Жас Алаш»газеті

Телефондар:

Қабылдау бөлімі – 8(727)346-89-54

Электронды пошта:zhasalash2017@gmail.com

 

Фото:  Ult.kz

Тегтер: