Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:18, 24 Шілде 2019

Қазақ тілінде енді көркем әдебиет тумайды

Мәдениеттегі метаморфозаның мәні мәдениеттің мазмұнынаймақтандыру және оны статикалық күйде ұстау арқылы бұқаралық сана көкжиегіндәстүрлі қоғам шеңберіне қамап отыруға тырысудан көрініс беруде.

Қазақ мәдениеті қазір статикалық күйге –толық тоқырауға тірелді. Оның деңгейі өткен ғасырдың 60-70 жылдарындағыауыл адамының талғамына сәйкестендірілген күйде қалып отыр. Қазақ тілі қазіргібейресми қолданыс күйінен шықпаса, бұдан былай бұл тілде көркем әдебиетшығармалары тумайды, өнер өркендемейді. Қазірдің өзінде ғылыми жорналдар діндіорашолақ уағыздаумен айналысуға көшкен. БАҚ санын да, сапасын да сұйылтыпкеледі. Шығармашы зиялылар енді «Қан мен тердің» деңгейіндегідей романдыармандағанды қойып, «Ақ маңдайлымдай» тарайтын ән де жаза алмай отыр.Мәдениеттің жойылуы – ұлттың жойылуының өзіне тән атрибуты. Бұл, білген кісіге,шаруашылық пен  әлеуметте болып жатқанапаттардың бәрінен де қауіпті құбылыс.

Кеңес кезінде көркем өнер шығармалары шаруаны алғажетектеуге дәрменсіз болды. Олардың көбінде ауыл адамының ындыны, күйбіңтіршілігі, оның өзі ғана түсінетіндей тілмен, стильмен, соған жағатын сюжеттерарқылы берілетін еді. Жазушы ауыл адамының соңынан ілесуден танбады. Шаруағаүйрететіндей, оны прогреске жетелейтіндей шығармалар аз болды. Олардың көбі әлікүнге дейін шаруаны қалаға өшіктіру, Батысты құбыжық қып көрсету бағытынанайнымай келеді. Бұл деңгейдегі шығармалар өркениетті елдердің оқырмандары үшінсұрансқа ие бола алмады. Мәдениет сонысымен бәсекеге қабілетсіз күйінде қалыпотыр.

Қазіргі ұлттық мәдениетте ультрапопулистік бағыттар белеңалған. Ол туралы жазып жүрген сарапшылар материалдарында бүгінгі мәдениеттіңаяқалысын бейнелейтін «тамашизм», «қылжақбайлық», «қайратнұртасизм» т.б. сияқтыжаңа «терминдер» қолданады. Расында да, осы астарлы сөздер арқылы ұлттықмәдениеттің бүгінгі күйін дәлірек тануға болады. Қазіргінің көпке арналғантуындыларында құбылған декорация, құлақ тесер дыбыс және әсіребатысшыл бұраңдаумен секіру бар. Ал жұмырға жұғын болар мазмұн жоқ. Өркениет талаптарына лайық аяқалыс, замандастың жан әлемін тебірентер мәтін, оны ынтықтырар көркемдік деңгей,ұлт адамының рухын көтеретін азаматтық үн, тың ой, жаңа идея дегендердің біріде жоқ. Тек оттың басындағы, ошақтың қасындағы, қой қораның маңындағы кірқожалақ адамдардың сұранысын өтейтін, мағынасыз күлкісін келтіретін, баяғышасамбырлау мен даңғырлау бар. Қазақ тілінде таралып жатқандардың бәрі қайталаулармен мешеуліктерге тұнып тұр.

Қазақстанда қандай мәдениет жасалғаны, мәдениеттіңқазақты қалай аграрлы қоғамға қамап тастау құралы ретінде жұмсалғаны,«алпысыншыжылдықтар" деп аталатын жазушылар тобының қазақты өркениеттен жыраққалдыруға қалай себепші болғаны туралы «Философия языка» атты кітаптың Vтарауында кеңінен талдау берілген. Сондықтан, мәдениеттегі метаморфозағақатысты ойларымды осымен қысқа қайырамын.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,«Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото:24.kz

Тегтер: