Қазақ және Чебурашка

Қазіргі заманда қазақ болу өте тиімді. «Осы ұлттың өкілімін» дегенді бас пайдасына жаратуға болатынын түсініпалғандар көп.
«Титулды ұлттанмын» деген ұран өтімді валюта сынды. Содан барып«кімнің қазақылығы басым» деген сауда басталды. Ал, «Келін» фильмі біздің рухани деңгейіміздібағамдап берді. Көркеуделік шыңырауына осыншалықты құлдырап кеттік?! – деп кімойлаған. Әлі күнге өнер эстетикасы дегеннің не екенін түсінбейміз. Ақиқат пен аңыздың ара-ігін ажыратабілмейміз. Ертегіден тарихи шындық іздейміз.Танымның таяздығынан барлығын өз тарапымызға қабылдаймыз. Аз білеміз, көпсөйлейміз. Өзіміз сауатсыз бола тұра өзгелерді оқытамыз. Рухани көсемдеріміздіңкеудесі дауылпаз сынды бос, қағып қалса даңғұр-дұңғұр етеді. Алысқа ұзайқоймаған кезеңнің ащы сабағы да түк ұқтыра алмапты. Қай жағымызға қарасақ тажау елестейді. Бойымызды түрлі фобиялар мен үрей жаулап алған. Біз – әлі күнгеАбайдың руластарымыз, бөлек ойлағанның басын жарамыз. Жиырма бірінші ғасыр жеткеніне қарамастан жетіліп кетеалмаппыз. Құрамы мен сапасы көз қуантаалмайтын ұлтпыз. Өте өкінішті.
Мен жалпыны жазғырып отырған жоқпын. Бірақ кітаптың бетінкінәрат табу үшін ашатын адамдар бар. Теңізге телміре қараса да үлкен шалшықтан өзге түк көрмейді ондайлар. Қайтаөрлеу кезеңіндегі суретшілердің картинасын қарап тұрып, әйел бөкесінен басқаештеңе байқамайтын адамдар бар. Әркімнің өз өлшемі, талғамы болады. Асырасілтесе Чебурашка мен Гена қолтырауындыбір-бірімен әуейі етіп шығаруға болады. Әркім мына әлемге өз көзімен қарайды,өлшейді. Білімінің, тәрбиесінің жеткеніне, тіпті ақыл- есінің шамасына қарай ой түйеді.
Аударған Серік ӘБІКЕНҰЛЫ
Фото: adyrna.kz