14:12, 24 Қаңтар 2022
QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды
QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды.
Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:
— Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;
— Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды.