Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:30, 03 Тамыз 2023

Қазақстан Ауған студенттеріне 30 грант бөледі

None
None

Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

— Қазақстан ауған студенттерін оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырады. Биыл Қазақстан Ауғанстаннан келген студенттерге 30 грант бөлуге дайын. Қазір Қазақстанда 450-ден астам ауған студенті оқиды. Қазақстан ауған халқына материалдық және гуманитарлық қолдау көрсете отырып, Ауғанстан үшін гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуды жалғастырады, – деді Сауда министрі.

Оның айтуынша, бүгін форум алаңында 106 млн доллар сомасына коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

- Диалог алаңы жаңа жобаларға, одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағыттарына негіз болды және жақын арада елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Серік Жұманғарин.

Тегтер: