Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтады
Қазақстан Ауғанстанмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Альхадж Нуриддин Азизимен кездесуі барысында белгілі болды.
Серік Жұманғарин атап өткендей, сәуірде Кабулға сапары барысында тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын 1 доллардан 3 миллиард долларға дейін арттыру міндетін қойды.
"Қазақстандық компаниялардың Кабулға кейінгі сапарының қорытындысы бойынша біздің энергетикалық сусындар, ұн өнімдері, минералды тыңайтқыштар бірінші жеткізілді, күнбағыс майына қызығушылық бар. Ауғанстаннан импортта ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар тоқыма бұйымдары пайда болды. Біз де белсенді жұмыс істеу керек», — деді Серік.Жұманғарин.
Ынтымақтастықты жандандыру үшін Ауғанстан тарапына Гераттағы Қазақстанның Сауда үйінің әлеуетін пайдалануға және Қазақстанда өзінің сауда кеңсесін ашуға шақырылды.
Кездесуге қатысушылар қолданыстағы сауда жолдарын дамыту және Ауғанстан арқылы тауар жеткізудің баламалы бағыттарын құру мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан отандық компаниялардың Ауғанстанда жүзеге асырылатын басқа да экономикалық жобаларға, әсіресе көлік, тау-кен өнеркәсібі, телекоммуникация және ауыл шаруашылығы салаларында қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқаны айтылды.
Атап айтқанда, 2023 жылдың сәуір айында қазақстандық делегацияның Кабулға сапарынан кейін «Қазақтелеком» АҚ ауған тарапымен Ауғанстанға коммерциялық негізде интернет жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Қазақстан мен Ауғанстан білім беру саласында да ынтымақтасады. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ауғанстаннан келген 130 студент білім алып жатыр.
Серік Жұманғарин Ауғанстаннан Қазақстанда білім алатын студенттердің санын көбейтуді ұсынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға Ауғанстан делегациясы келгені хабарланған болатын.