Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:06, 28 Қаңтар 2019

Қазақстан футболы ақша шашудан озып тұр

Легионерлерге беретін қаржы жағынан Қазақстан әлемде 17-орында тұр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша футбол клубтары ойыншылардың жалақысына ғана 63 миллион еуро жұмсаған.
Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлады.Теңгеге шаққанда 25 миллиардтан асатын қаржы құйылғанына қарамастан отандық футбол үлкен жетістікке жете қойған жоқ. Спорт және дене шынықтыру комитетінің мәліметтеріне күмән келтірген Парламент мәжілісі депуттары осы мәселені көтеріп жатыр.“Біздің еліміздегі ең танымал спорт түрі, ол футбол. Ресми мәліметтерге сенсек, Қазақстанда аяқ доппен шұғылданушылар саны 600 мыңнан асады. Спорт мектептерінде 35 мыңнан астам бала тәлім алып жатыр. Ал, ресми тіркелген клубтар саны 45. Олардың барлығы жергілікті қазынадан қаржыландырылып келеді”, – дейді ҚР Парламент мәжілісіні депутаты Ахмет МҰРАДОВ.Оның айтуынша “Астана” футбол клубының өзіне бір жылда 12 млрд теңге кеткен. Бірақ, нәтиже шығынға мүлде сай емес.Депутаттардың қозғаған тағы бір проблемасы – Қазақстанда халықаралық матчтар кезіндегі қиындықтар. Әсіресе, қауіпсіздікті сылтауратқыш тәртіп сақшылары стадиондарда ойынды көруге көп кедергі келтіреді. Жанкүйерлік мәдениет те алаңдағы ойынға әсер ететін фактордың бірі. Ал, біздің полиция осы мәдениеттің дамуына кедергі келтіріп отыр.“Стадионға кірген соң, тәртіп сақшылары дұрыс ойын көрсетпейді. Жанкүйерлер секторындағы бірінші және екінші қатарға мүлде адам отырғызбайды. Онда көрерменге арналған орындықтар не үшін салынған? Барлық дамыған елдерде ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер алаң жиегінде отырады. Бірақ, бізде мүлде басқаша”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Магеррам МАГЕРРАМОВ.Жуырда ғана қазақ футболының дамуына кедергі келтіріп отырған – Андрей АРШАВИН секілді «қартайған» ойыншыларға құр босқа ақша шашу мәселесі туралы сөз болған. Бейресми мәліметтерде «Қайрат» клубының ойыншысы Аршавиннің жылына 2,5 млн еуро алатыны айтылады. Ал, клуб әкімшілігі бұл ақпаратқа сенбеуге шақырған. Аршавиннің жылдық жалақысы – 1,5 млн еуро.Осыған орай, шет елден келіп-кететін легионерлерге ақша шашудың болашағы жоқ. Одан да елімізде футболды бұқаралық спорт деңгейінде дамыту, яғни, стадтондар салу, үйірмелер ашу сияқты істерге қаржы құйған пайдалы дейтін де пікірлер бар.Фото: footboom.kz
Тегтер: