Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:53, 25 Маусым 2020

«Qazaqstan» мен «Хабар» арналары біріктіріле ме?

  Әлемді шарпыған коронавирус індеті менәлемдік мұнай нарығындағы өзгерістер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдынашығындарды қысқарту жолдарын қарастыруды жүктеп отырғаны жасырын емес.

Елдегібірнеше тұрғын үй құрылысы операторларын бірыңғай операторға біріктіргенісияқты, ұзынқұлақтан президент әкімшілігінде енді мемлекеттік екі телеарнаны біртұтасмемлекеттік холдингке біріктіру мәселесі белсенді түрде талқыланып жатыр деген сыбысжетті. Төтесін айтқанда, ендіатышулы «Хабар Агенттігі» АҚ мен мемлекеттік майшелпек саналатын «Qazaqstan»теле-радио корпорациясын біріктіру мәселесі қарастырылуда. Білгіштербұл екі телеарнаны біріктіру идеясын ақпарат және қоғамдық даму министрлігінежетекшілік жасаған кезде Дәурен Абаев айтқан деседі. Министр лауазымынанкетерінің алдында ғажап жағдайда Абаевтың «Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» үкімет қаулысын қалың бұқаранышулатпай, «өткізіп» жібергенін екінің бірі біле бермейді. Ендеше, дәл осықұжатқа үңіліп қарасаңыз, онда елде бірыңғай мемлекеттік холдинг құру мәселесінқарастыру көзделген. Әлімемлекеттік деңгейде ешбір заңмен бекітілмеген, ортақ ережесі жоқ латынқаріптеріне елден бұрын көшіп алған «Qazaqstan» теле-радио компаниясыныңқазіргі директоры Ләззат Танысбай да «Хабарды» меншіктеп, бизнес тіліменайтқанда, «жұтып алудан» кет әрі емес, өйткені біріктіру нәтижесінде оның қолынабүкіл мемлекеттік телевизия мен жылына 40 миллиард теңгенің (100 миллион доллардей беріңіз) бюджеті тиеді. Майшелпек деген – осы.  Алайда «Qazaqstan» мен «Хабарды» біріктіругеАбаевтың орнын басқан жаңа ақпарат министрі Аида Балаева мен «Хабардың» қазіргібас директоры, біраз жыл елбасы жанындағы президенттің телерадиокешенінбасқарған Ерлан Бекхожин келіспей, қасарысып отыр дейді.

  «Хабарды» «жұтып алуға» аранын ашық ашқан топсоңғы кездері youtube, кейбір сайттар мен әлеуметтік желілер,телеграм-каналдары бар белсенділер арқылы тікелей PR-науқанды бастап та кетті.Олар онсыз да қалың қазақтың көңілінен шыға бермейтін «Хабардың» жер-жебірінежетіп, сын садағын оңдырмай атып жатыр. Бюджеті зор «Хабардың» төмен рейтингімен түкке тұрғысыз өнімдерін сынау қиын болып па?

 Бұл жерде тоқтала кететін тұс, «Хабарды»зор бюджеті мен төмен рейтингі үшін сынайтын «Qazaqstan-дықтар» оны «жұтып»алған соң, «Хабарды» қалай халық сенетін телеарнаға айналдыра алатынынайтпайды: қазіргі «Qazaqstan» телеарнасының «Хабарға» күлетін жағдайы жоқ,шындап келгенде. «Qazaqstan» телеарнасының рейтингі «хабарлықтардан» сәл жоғарыболғанымен, «Qazaqstan» телеарнасы өзінің қағаздағы жалған рейтингін, негізінен,түрік сериалдарының арқасында ұстап отыр. Масқара демей, не деңіз? Шыны керек,бұл телеарнаның өз өнімі ретінде шығып жатқан бағдарламаларын елде ешкімқызығып қарамайды. Төтесін айтқанда, мемлекетттік телеарналарды біріктірудіңнегізгі мақсаты екі зор бюджетті бір қолға түсіру болып отыр.

Әсілі, мемлекеттік телеарналарға қайта құру мен бюджетке таласқа келіптірелетін біріктірулер емес, жаңа адамдар керек, журналистерге еркіндік берукерек. Өйткені мемлекеттен әлдеқайда аз ақша алатын коммерциялық телеарналардың«Qazaqstan» мен «Хабардан» озып отырғаны рас.

Тегтер: