Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:48, 19 Мамыр 2020

Қазақстан соты Көше партиясы қозғалысының қызметіне тыйым салды

None
None

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы соты Қазақстан бас прокуратурасының шағымымен тіркелмеген "Көше партиясы" қозғалысы елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салды.

"Сот ҚДТ қозғалысы өз атауын "Көше партиясына" ауыстырғанын анықтады және екеуі де бір экстремистік ұйым деп таныды. Сот ҚДТ қозғалысының Қазақстан аумағында "Көше партиясы" деген жаңа атпен жұмыс істеуіне тыйым салды. Азаматтық процессуалдық кодекстің 243-бабына сай, бұл сот шешімі тез арада күшіне енеді" деп мәлімдеді прокуратура ресми сайтында.

Бас прокуратура ел аумағында ҚДТ және "Көше партиясының" қызметіне тыйым салып, екі ұйымның жұмысына араласқандар жауапқа тартылатынын ескертті.

2018 жылы 13 наурызда астанадағы Есіл аудандық соты бас прокуратураның шағымы бойынша шетелде тұратын экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов құрған ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, ел аумағында қызметіне тыйым салған.

Бірақ Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған. Қазақстан билігі ҚДТ экстремистік ұйым деп танылған соң оны қолдайтын адамдарды қудалап, көбін жауапқа тартқан.

ҚДТ жетекшісі Әблязов осыған дейін Қазақстанда жұртты бірнеше рет бейбіт митингіге шақырған. Полиция ҚДТ митинг өтеді деп белгілеген орындарға келген жұртты жаппай ұстап, кейін оларды жазалаған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар соттың ҚДТ қозғалысын экстремистік деп таныған үкім халықаралық талаптарға сай келмейді деп санайды. Ал ҚДТ жетекшісі Әблязов та бұл сот шешімнің саяси астары бар деп есептейді.

"Көше партиясы" қозғалысы 2020 жылы ақпанда құрылғандарын жариялаған. Қозғалыс мүшелері "Көше партиясын" ешкім қаржыландырмайтынын айтқан. Бірақ "Көше партиясы" тіркелмеген қозғалысының мүшелері Қазақстанда экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық қозғалысының" осыған дейінгі қарсылық акцияларында, түрлі шараларына қатысқан және сотпен "бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен жазаланған.

Әблязовтің өзі де әлеуметтік желіде бірнеше рет "Көше партиясының" жазбаларын бөліскен не өз постарында атап өткен.

ҚДТ жақтастары құрған "Көше партиясы" қозғалысы қандай ұйым?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title="ҚДТ жақтастары құрған "Көше партиясы" қозғалысы қандай ұйым?" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> ҚДТ жақтастары құрған &amp;quot;Көше партиясы&amp;quot; қозғалысы қандай ұйым? please wait Embed Бөлісіңіз
ҚДТ жақтастары құрған "Көше партиясы" қозғалысы қандай ұйым?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30443511.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: