Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:43, 11 Мамыр 2020

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 анықтамасын талап етпейтін болды

None
None

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 тестінен өткені жайлы анықтама талап етуді тоқтатты.

Бұл туралы көлік саласындағы бас мемлекеттік санитар — дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Байғабыловтың сөзінше, оған 1 мамыр мен 10 мамыр арасында ұшқан жолаушылар мен ұшқыштардан коронавирус табылмағаны себеп болған.

Мамырдың 1-інен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында, кейіннен басқа да бірнеше қала арасындағы әуе рейстері ашылып, COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана ұшуға рұқсат берілген.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: