12:41, 31 Наурыз 2020
Қазақстанда 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:10-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды.
Қазір елде 308 адам Covid-19 дертіне шалдықты.
Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан — 13, Алматы — 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 308 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда — 173 адам
- Алматыда — 73 адам
- Қарағандыда — 13 адам
- Атырау облысында — 12 адам
- Ақмола облысында — 10 адам
- Алматы облысында — 6 адам
- Қызылорда облысында — 5 адам
- Жамбыл облысында — 3 адам
- Шымкентте — 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
- Ақтөбе облысында — 2 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.