Қазақстанда 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа бармауға рұқсат етілді
Қазақстан парламентінің төменгі палатасы коронавирусқа байланысты жұмыс істеу форматын өзгертті деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Tengrinews сайтының жазуынша, 26 наурыз күнгі мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин отырысқа бірқатар депутаттар келмегенін, "ДДСҰ кеңесін ескеріп, 65-тен асқан депутаттарға жұмысқа келмеуге кеңес бергенін" айтқан.
Нығматуллиннің айтуынша, пленарлық отырысқа тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылар ғана қатысады.
Сайттың жазуынша, мәжіліс отырысына келген депутаттардың барлығы маска тағып келіп, бір-бірінен алшақ отырған.
Қарай отырыңыз: Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр? (16 наурыз 2020 жыл).
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30490789.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:02:13 0:00 Жүктеп алуҚазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88 адамға жетті. Алматыда — 34 адам, Нұр-Сұлтанда — 46 адам, Қарағандыда — екі адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.
АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 21 мыңнан астам адам қаза болды. 114 мыңнан астам адам дертінен айықты.