16:26, 29 Желтоқсан 2022
Қазақстанда Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Соған сәйкес Нұрлан Орманбетов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан; Қайрат Садықов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.