Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігі зор
Қазақстандабалық шаруашылығын дамыту үшін перспективалы су қоймалары анықталды.
«Теккоммерциялық балық аулау үшін пайдаланылатын су қоймаларын зерттей отырып, бізбалық өсіруге арналған перспективалы су қоймаларын анықтадық, олардыңсараптамалық бағалары бойынша жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіругеболады», — деді Мағзұм Мырзағалиев.
Осынегізде, министрдің айтуынша, балық шаруашылығын аймақтарға бөлу схемасыжасалды.
«Мәселен,Түркістан облысында Шардарада сазан және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсірумүмкіндігі бар, Шығыс Қазақстан облысы – Өскемен, Бұқтырма су қоймалары –форель, ақ балық түрлері, Алматы облысында – Бартоғай мен Қапшағай су қоймаларыжәне Балқаш көлінде форель өсіру, балықтардың тұқы түрлері, СолтүстікҚазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары – ақ балық пен тұқы балық түрлерін өсіруүшін, Маңғыстау аймағында – Каспий теңізінде – арқан балық пен бекіре,Қызылорда облысында – Аралда – тұқы түрлерін өсіру тиімді», — дептүсіндірді экология министрі.
Соныменбірге, министр барлық аймақтар балық шаруашылығының басқа салаларын, мысалыжабық сумен жабдықтау қондырғыларын қолдана отырып, тоған және бассейндікфермаларды дамыту мүмкін болатындығын айтты.
Еркежан АРЫН