15:22, 09 Сәуір 2020
Қазақстанда бес адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуірде күндізгі сағат 14:55-те бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Маңғыстау облысында — 1, Атырау облысында — 3, Алматы қаласында — 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Жалпы елде коронавирус жұқтырғандар 764 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 223
- Алматы қаласы – 120
- Қызылорда облысы – 92
- Қарағанды облысы – 57
- Жамбыл облысы – 45
- Ақмола облысы – 56
- Түркістан облысы – 34
- Атырау облысы – 42
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Шымкент қаласы – 27
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 11
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Маңғыстау облысы – 7
- Қостанай облысы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 4
- Павлодар облысы – 1
Қазақстанда коронавирустан 55 адам жазылған (Нұр-Сұлтанда — 30, Алматыда — 23, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1). Жеті адам қайтыс болған.
8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмды. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған.
Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы
Instagram бізге жазылыңыз