12:53, 19 Маусым 2020
Қазақстанда бір апта ішінде коронавирусқа қарсы жаңа шаралар дайындалады
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге осындай тапсырма берді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ведомствоаралық комиссияның кешегі шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалаларда және халық саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлерде қосымша шектеу шаралары енгізілді. Бұл шешім нақты орындалуы қажет. Әкімдіктер санитарлық нормалар мен қоғамдық жерлерде әлеуметтік арақашықтықтың қатаң сақталуына ерекше назар аударуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жаңа шаралар кешенін бір апта ішінде дайындауды тапсырамын. Әрбір өңірдегі жағдайды ескере отырып, жедел шаралар қабылдансын», — деді Үкімет басшысы.