Қазақстанда бір күнде 265 адамнан коронавирус табылды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 265 адам анықталды, оның 84-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 3,8 пайызды құраған. Бұл туралы 21 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы — 84
Алматы қаласы — 57
Шымкент қаласы — 23
Атырау облысы — 24
Алматы облысы — 19
Батыс Қазақстан облысы -13
Қарағанды облысы — 13
Қызылорда облысы — 11
Павлодар облысы — 9
Жамбыл облысы — 5
Ақтөбе облысы — 2
Түркістан облысы — 2
Ақмола облысы — 1
Шығыс Қазақстан облысы — 1
Маңғыстау облысы — 1
Бір күнде 136 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 7234 адам жетті. 3734 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.