Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:16, 29 Мамыр 2020

Қазақстанда бір күнде 356 адамнан вирус табылды, 132 адам дерттен айықты

None
None

Өткен тәулікте Қазақстанда 356 адамнан коронавирус табылды. Коронавирус жұқтырғандар саны жағынан республикада алдыңғы орындарда тұрған Алматы қаласында — 84, Нұр-Сұлтан қаласында — 48 адамға вирус жұққан.

Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысында ондаған адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 29 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде барлығы 9932 адамға вирус жұққан:

  • Алматы қаласы – 84 (Барлығы 2462)
  • Нұр-Сұлтан қаласы — 48 (Барлығы 1868)
  • Атырау облысы – 21 (Барлығы 980)
  • Шымкент қаласы – 32 (Барлығы 762)
  • Қарағанды облысы – 34 (Барлығы 788)
  • БҚО – 51 (Барлығы 544)
  • Жамбыл облысы – 3 (Барлығы 365)
  • Түркістан облысы – 0 (Барлығы 354)
  • Алматы облысы – 7 (Барлығы 326)
  • Қызылорда облысы – 6 (Барлығы 330)
  • Ақтөбе облысы – 0 (Барлығы 304)
  • Павлодар облысы – 5 (Барлығы 197)
  • Маңғыстау облысы – 40 (Барлығы 217)
  • Ақмола облысы – 2 (Барлығы 151)
  • Қостанай облысы – 0 (Барлығы 136)
  • ШҚО – 23 (Барлығы 97)
  • СҚО – 0 (Барлығы 51)

Бір күнде 132 адам жазылған. Барлығы 4900 адам айыққан. 37 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: