07:16, 22 Мамыр 2020
Қазақстанда бір күнде 363 адамнан коронавирус табылды
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 363 адам анықталды, оның 130-ы Қарағанды облысында тіркелген.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 5 пайызды құраған. Бұл туралы 22 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қарағанды облысы — 130
Нұр-Сұлтан қаласы — 54
Алматы қаласы — 35
Шымкент қаласы — 31
Атырау облысы — 25
Алматы облысы — 24
Түркістан облысы — 20
Ақтөбе облысы — 9
Қызылорда облысы — 9
Батыс Қазақстан облысы — 8
Ақмола облысы — 7
Жамбыл облысы — 7
Қостанай облысы — 3
Солтүстік Қазақстан облысы — 1
Бір күнде 109 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 7597 адам жетті. 3843 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.