Қазақстанда бір күнде 403 адамнан коронавирус табылды, бұл - рекордтық көрсеткіш
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 403 адам анықталды, бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш.
Науқастардың 97-і Алматы қаласында тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 5,1 пайызды құраған. Бұл туралы 24 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы — 58 (Барлығы — 1598)
Алматы қаласы — 97 (Барлығы — 2169)
Шымкент қаласы — 33 (Барлығы — 606)
Қарағанды облысы — 90 (Барлығы — 562)
Жамбыл облысы — 10 (Барлығы — 259)
Алматы облысы — 6 (Барлығы — 284)
Түркістан облысы — 33 (Барлығы — 315)
Ақтөбе облысы — 18 (Барлығы — 270)
Батыс Қазақстан облысы — 16 (Барлығы — 386)
Ақмола облысы — 0 (Барлығы — 145)
Атырау облысы — 22 (Барлығы — 879)
Қостанай облысы — 5 (Барлығы — 120)
Шығыс Қазақстан облысы — 2 (Барлығы — 62)
Қызылорда облысы — 5 (Барлығы — 283)
Павлодар облысы — 0 (Барлығы — 177)
Солтүстік Қазақстан облысы — 6 (Барлығы — 46)
Маңғыстау облысы — 2 (Барлығы — 166)
Бір күнде 118 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 8322 адам жетті. 4214 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.