Қазақстанда чемпион болғым келеді
Қазақстанда волейболдан кезектімаусым аяқталды. Ұлттық лигада Павлодардың «Ертіс-Қазхром» командасы қола жүлдежеңіп алды.
Осы команданың көшбасшы ойыншыларының бірі – Кристина КарапетянҚазақстанға Ресейден келген. Забайкальеніңтумасы 2017 жылы еліміздің азаматтығын алып, былтыр ұлттық құрама сапында жазғыАзия ойындарына қатысты. Ойынымен ғана емес, сұлулығымен де танымал болыпжүрген 26 жастағы спортшымен сұхбаттасудың сәтті түсті.
– Кристина, «Ертіс-Қазхром»үшін биылғы маусым қалай өтті?
– Жалпы, жаман емес. Төрттіктіңқатарына еніп, финалдық кезеңде ойнадық. Шешуші кезеңде қола медаль жеңіпалдық. Бір қуантатыны, команда мүшелері түгелдей маусымды ешқандай жарақатсызаман-сау аяқтады. Кәсіби спортшылар үшін жарақаттан айналып өту аса маңызды.
– Кереку командасы қола медальжеңіп алды. Қазіргі таңда сіздердің шамаларыңыз осыған ғана жетеді ме?
– Жоқ, олай емес. Меніңше, екіншіорынға таласуға шамамыз жетер еді. «Жетісумен» плей-оффта тең дәрежеде ойнадық, бұл жерде шешуші сәттеТалдықорған командасы салқынқандылық танытып, жеңісті жұлып алды. Оның үстінесәттілік те жолдас болмады.
– Сіздің ойыңызша, команданыңойынын жақсарту үшін қандай элементтерге баса назар аударған дұрыс?
– Майда-шүйде элементтердің барлығынескеріп, кемшіліктермен жұмыс істеу қажет. Волейболда допты ойынға қосу,қарсыластың шабуылы кезінде тосқауыл қоюу аса маңызды. Комбинация жасап үйренукерек. Маған біздің комананың қорғанысы ұнайды. Бұл біздің басты артықшылығымыздеп білемін.
– Қазақстандағы волейболдыңдеңгейін қалай бағалайсыз?
– Қазақстанда ойнап жүргеніме биыл үшінші жыл. Осы жылдар ішінде аздапболса да деңгей көтеріліп келеді. Қазір бірде-бір жеңіл ойын жоқ. Кез келгенкоманда фавориттерге лайықты қарсылық көрсетеді. Қыздардың бәрі алғашқыминуттан соңғы ысқырыққа дейін жандарын салып ойнайды. Осылай болғаны қызықты.Қиындықпен келген жеңістің дәмі тәтті. Арасында үзілісі болса да, бір күнде 7матч өткізу оңай емес. Бұл жерде тек физикалық тұрғыда ғана емес, моральдықжағынан да шаршаймыз. Турдың ойындары аяқталғаннан кейін тіпті сөйлесуге шамакелмей қалады. Эмоциалдық тұрғыда қалжырағанынды байқайсың.
– Жалпы, сіздің волейболдағынегізгі мақсатыңыз қандай?, Спорттық карьераңызды аяқтау үшін нені күтесіз?
– Мен ойнайтын команданың Қазақстанда чемпион болғанын қалаймын. Сондай-ақмаусымның соңында жеке марапатқа да ие болғым келеді. Әрине, ұлттық құрамадаөнер көрсету. Спорттық карьераны аяқтау әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ әзіргеондай ой жоқ.
– Қазіргі замандаотандастарымыздың балаларын дәл волейбол спортына беруге не түрткі болуымүмкін? Волейболдың қандай артықшылықтары бар?
– Бірінші кезекте бала ұжымда жұмыс істеп үйренгені дұрыс. Сөйтіп, ортағабейімделеді. Оның үстіне, волейбол тез шешім қабылдауды қалпыстырады. Бұл жердеәрбір секундтың маңызы зор. Оның бәрі баланың реакциясының жылдам болуына әсеретеді. Егер нақты қыздар туралы айтатын болсақ, волейбол – арулар үшін нағызөздеріне сай келетін командалық ойын деп санаймын.
– Биылғы жылы Токиода өтетінОлимиада ойындарының негізгі іріктеу кезеңдері өтеді. Қазақстанның жолдамаалуға қауқары жетеді ме?
– Біздің іріктеу кезеңіндегі тобымыз – өте мықты. Қарсыластарымыз –Аргентина, Болгария және АҚШ құрамалары. Меніңше, барлығы команданыңдайындығына байланысты. Мүмкін емес ештеңе жоқ.
– Сіз клуб пен ұлттық құрамадаәртүрлі жаттықтырушылардың қарамағында ойнадыңыз. Солардың арасында қайсысыменжұмыс істеген қызықты болды?
– Әр жаттықтырушы өзіңдік ерекшілігі болады. Әрқайсысы, ойыншының дамуынашамалары келгенше өзіңше үлес қосады.Олардың арасында Виктор Бичевойды ерекшеайтар едім. Бұл маманның қарамағында «Енисей» сапында ойнағанмын.
– Ер мен әйел бапкердің қандайайырмашылығы бар? Сізге кіммен жұмыс істеген қолайлы?
– Айырмашылық бар. Қайсысымен жұмыс істеу ыңғайлы екенін айта алмаймын.Жалпы, қыздарды жаттықтыру қиын. Әйтеуір, өзім солай ойлаймын. Аруларға ерлергеқарағанда басқаша әдіс қажет. Егер менің карьерамда бір әйел, бір ержаттықтырушы болғанда қайсысы дұрыс екенін айтуға болар еді. Бірақ спорттықғұмырымда 4 әйел, 6 ер бапкермен жұмыс істеп үлгердім. Оларды бір-біріменмүлдем салыстыра алмайсың. Кейде, ер маманның ойы ұшқыр зерек әрі әйелдердіңпсихологиясын жақсы түсінетіндері кездеседі. Ал кейбіреуі мүлдем басқаша болуымүмкін. Бірде команданың тізгінін ұстаған жаңа бапкер жаттығу процесін, ойынныңтактикасын, тіпті қарым-қатынастың өзін жігіттердікіндей етіп өзгертті. Алайда,одан жақсы ештеңе шыққан жоқ. Ол қызметінен жылдам босады.
– Осы жылдар ішінде қай бапкерең қатал болды?
– Спорттық қарьерамда жұмыс істеген мамандардың арасында жаттығу процесінеең қатаң қарағаны Виктор Гончаров болатын. Оның қарамағында Красноярскінің«Енисей» клубында ойнағанмын.
– Қай спортшыны өзіңізге үлгітұтып, кумир санайсыз?
– Екі дүркін әлем чемпион Любовь Соколованың ойынынан ерекше ләззаталғанмын. Өте салқынқанды ойыншы. Артық алаңда қимылы жоқ, барлығын сауаттыістейді. Сондай-ақ өте жылдам. Онымен бірге ойнау бақыты бұйырса қуанар едім.
– Қай матч ерекше есіңіздеқалды?
– Былтырғы маусымдағы Павлодар мен «Жетісу» арасындағы матчты айтар едім.Бұл 2-3 орынға талас болатын. Мен ол тұста керсінше, Талдықорған командасындаөнер көрсететінмін. Алаңға тек үшінші партияда шықтым. Мен ойнағанша,«Ертіс-Қазхром» 2:0 есебімен ұтып жатқан. Сосын 3:2 есебімен жеңісті жұлыпалдық. Мұндай, камбэктен кейін қыздардың көбісі өз-өздеріне келе алмай біразжүрді. Эмоциямызды сөзбен айтып жеткізу қиын болар. Бұл матч менің есімде ұзақсақталары сөзсіз.
– Өзге елдің чемпионаттарындаойнау жоспарыңызда жоқ па?
– Шынын айту керек, осы уақытқа дейін бұл туралы ойламаппым. Ал қазір мағанқызық көрініп тұр. Сондай мүмкіндік болса, өзге елде өзімнің шгеберлігімдікөрсете алар ма едім деген сұрақ туындайды. Ресейдің суперлигасында толықойнауға мүмкіндік бермеді. Әйтпесе, жаттығуда сол негізгі құрамдағы қыздардыңешқайсысынан кем болған емеспін. Бұл жерде тәжірибенің рөлі өте маңызды.
– Әзіл көтере аласыз ба?
– Мен өзім әзілді жақсы көремін. Қалжыңды түсінемін, күле аламын. Өмірдекез келген қиындықты күліп қабылдай алсаң, өзіне жеңіл болады.
– Қазір әлеуметтік желі қаттыдамып кетті. Instagram арқылы жарнамамен ақша табатын спортшылар көп. Сізге мұндайұсыныстар түсіп тұра ма?
– Ешкім ақша ұсынған емес. Көбінесе, айырбас күйінде. Ұсыныстардың барлығықоғамның заңдылықтарына сай.
– Қазақстандағы волейболшықыздардың арасында ТОП-3 сұлу спортшыны атап бере аласыз ба?
– Егер рұқсат етсеңіз, орындарға бөлмей-ақ қойяын. Тек ұлттық лигада ойнап жүрген қазақ қыздарының сұлулығын дәлелдеп жүрген үш қызды атап өтейін. Олар: Әлия Батқұлдина, Жәмилә Дәулетхан және Ботагөз Сәрсенбаева.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Бек Төлеуов.