Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:12, 27 Сәуір 2020

Қазақстанда COVID-19 дертінен айыққандар 700-ден асты

None
None

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 27 сәуір 17.30-да елде тағы 24 адам COVID-19 дертінен айыққанын хабарлады.

Дүйсенбіде Қазақстанда 38 науқас аурудан жазылды. Ал жалпы елде 720 адам індеттен айықты.

Қазақстанда барлығы 2791 адамнан вирус табылған (820-cы – медқызметкер). 25 адам дерттен қайтыс болды. 26 сәуірде елде 97 жастағы адам көз жұмған еді. Ол адамнан да вирус анықталған. Бірақ министрлік марқұмның өліміне коронавирус жанама түрде әсер етті, өліміне басқа да дерттері себеп болған” деген шешім шығарған.

Ресми мәліметке сай, елде коронавирус жұқтырған 15 науқастың жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамға вирус жұғады деп болжайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды. Сөзінше, Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Елде төтенше жағдай 16 наурызда жарияланған.

Тегтер: