Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:43, 16 Наурыз 2020

Қазақстанда доллар тағы қымбаттап, кейбір жерде 435 теңгеден сатыла бастады

None
None

Бүгін, 16 наурызда Қазақстанда 1 доллар 430 теңгеден сатыла бастады. Kurs.kz сайтындағы ақпарат бойынша, валюта айырбастау орындарында 1 доллар құны 425-435 теңгеге жеткен.

Теңге 16 наурызда Қазақстан Ұлттық банкінің "ішкі нарықты жаңа макроэкономикалық жағдайларға бейімдеу туралы" ресми мәлімдемесінен күрт құнсыздана бастады.

Орталық банк таратқан мәлімдемеде "қазіргі жағдайларды ескере отырып, бүгіннен бастап Ұлттық банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр" деп жазылған.

Tengenomika телеграм-каналының авторы, экономист Олжас Төлеуовтің жазуынша, бұл – Ұлттық банк бұдан былай өзінің қаржы нарығына араласуын доғарып, белгілі бір шамада теңгенің құнсыздануын ұстап тұрудан бас тартты деген сөз. "Орталық банк теңгенің шынайы курсын нарықтың өзіне анықтауға мүмкіндік беріп жатыр" деп жазады экономист.

Жаңалық толықтырылады.

Тегтер: