Қазақстанда ең төменгі жалақымен бір ай өмір сүруге бола ма? Блогер эксперимент жүргізді
Қазақстандық блогер ең төменгі жалақымен (70 мың теңге) бір ай өмір сүруге жететінін анықтау үшін эксперимент жүргізген.
Нәтижесінде ақша тек екі аптаға ғана жеткен.
Блогер Глеб Пономарев аталған сомаға отбасы мүшелері шығыны мен пәтер жалдау ақысын, несие мен бөліп төлеуді қоспағанын, киім-кешек сатып алмағанын, жаяу жүргенін айтты.
Оның айтуынша, күн көріске 70 мың теңге жетеді дегенді тексеруді жөн көрген. Блогердің 13 күндегі шығындары мынадай болған:
Коммуналды шығын – 15 000 (21,4%);
Азық-түлік – 32 032 (45,7%);
Тұрмыстық химия – 2285 (3,2%);
Шаш қию – 4000 (5,7%);
Ұялы байланыс – 2 490 (3,5%);
Жолға – 480 (0,6%);
Дәріге – 15020 (21,4%) (дәрі-дәрмек құны бюджеттен асып түсті).
Блогер эксперимент барысында өмір сүру деңгейін барынша төмендеткенін айтты.
«Негізі балалық шаққа 90-жылдарға оралдым. Мекемелер, ойын-сауық, фитнес залдары, кинотеатрлар жоқ. Кәмпиттер, кофе немесе алкоголь да жоқ. Егер мен кем дегенде бір баланы экспериментке, киім-кешек сатып алуға, несиеге, емдеуге қосқан болсам, онда эксперимент алғашқы екі-үш күнде аяқталар еді», — деп жазады Глеб Пономарев.
Оның айтуынша, сатып алынған өнімдер келесі күнге дейін ғана жеткен. Ал тұрмыстық химия айдың соңына дейін жетеді.
Ол достарымен кафеде кездесуді тоқтатқандықтан, қаражаттың шектеулілігіне, әлеуметтенуінің төмендеуіне байланысты алаңдаушылық тудырғанын атап өтті.
Маған жазған хабарламаларға қарағанда, қаншама адам ондай ақшаға өмір сүретінін көрдім (біреуде айлық бар, біреуде жәрдемақы бар). Халық қолдады, күнделікті кеңес берді. Мүмкіндігі шектеулі жандар маған хат жазып, тәжірибе үшін алғыстарын айтып, өз оқиғаларын айтып берді», – дейді Глеб Пономарев.
Блогер бір адамның бір ай өмір сүруіне 70 мың теңге жетпейді деген қорытындыға келген.