Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:24, 17 Тамыз 2020

Қазақстанда карантин талаптары жеңілдеді

Мемлекеттік комиссия өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын,сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволардың ұстанымынқарап, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітіп,бірқатар шешім қабылдады:

17    тамыздан бастапбарлық өңірде жұмысын бастайтын нысандар:

·   СОО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабықбазарлар, толымдылығы — бір келушіге 30 пайыздан, 4 шаршы метрден аспауы тиіс;

·    сұлулық салондары, шаштараздар, спа-орталықтар,косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (бір келушіге 4 шаршы метр, алдынала жазылу бойынша);

·        бассейндері жоқ фитнес орталықтары (50 пайыздықтолтыру, бір келушіге 5 шаршы метр), бассейндері жоқ моншалар мен сауналар (50пайыздық толтыру, келушіге бір шаршы метр)

·        балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектербілім беру орталықтары (жазба бойынша 5 адамнан аспайтын топтар); мектепкедейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан аспайтын);

·        ашық аттракциондар (қашықтық, маскалар, ағындыреттеу).

Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80 пайызыүшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады.

·        мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың),квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге деұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің талаптарды сақтай отырып,қызметіне рұқсат етілді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтанжұмыс нысанында қалады (штаттық кесте кезінде 30-дан астам қызметкер);

·        17 тамыздан бастап ашық ауада жеке және топтықжаттығуларға (5 адамнан артық емес) және ұлттық құрама, клуб командалары үшінспорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, спорт базаларында тұруға,эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын сақтауға) рұқсат етіледі.

·        Қоғамдық көлік қозғалысы отырғызу орындарының саныбойынша толғанда, соңғы аялдамаларда желдетуді және дезинфекциялауды қамтамасызеткенде қайта басталады.

Тыйым мыналарға сақталады:

·        ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанаттыжәне басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу;

·        барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке,фуд-корттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған өзге деойын-сауық орындарының жұмысы: мәдениет объектілерінің,

·        музейқызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;

·        бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашықаквапарктер жұмысына;діни нысандардың жұмысы;

·        қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электрпойыздарының қозғалысы, жұмыс поездарын, қалааралық автобустарды/шағынавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды қалыптастыру.

·         Демалыс күндері эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатындашектеу шаралары сақталады.

·        қоғамдықкөлік қозғалысын шектеу;

·        65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

·        азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханалардықоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарыныңжұмысын тоқтата тұру;

·        азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардыңжұмысын тоқтата тұру;

·        сұлулық салондарының, шаштараздардың,спа-орталықтардың, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілердің жұмысынтоқтата тұру;

·        фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарыныңжұмысын тоқтата тұру;

·        қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтататұру;

·        балалар мен ересектерге арналған білім беруорталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысын тоқтата тұру.

·        ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру.

Бұған дейін карантин шаралары қолданылған кезеңдеҚазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және медициналық ұйымдарғажүктемені едәуір төмендетуге қол жеткізілгені хабарланған болатын. Тәуліктегі инфекцияның өсімі 4 пайыздан0,5 пайызға дейін төмендеді. Айыққандар саны 76 пайызға жетті. Репродуктивтілікорташа көрсеткіші 0,78-ге дейін төмендеді, төсек орны жүктемесі — 26 пайыз.

Тегтер: