20:59, 19 Сәуір 2020
Қазақстанда коронавирус жұққан 15 адам анықталды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуір кешкі сағат 17:20-да 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында — 1, Алматы қаласында — 5, Қарағанды облысында — 3, Атырау облысында — 1, Жамбыл облысында — 1, Павлодар облысында 4 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1676 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 518
- Нұр-Сұлтан қаласы – 372
- Қызылорда облысы – 147
- Қарағанды облысы – 93
- Ақмола облысы – 82
- Атырау облысы – 80
- Түркістан облысы – 57
- Жамбыл облысы – 61
- Шымкент қаласы – 62
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29
- Алматы облысы – 37
- Батыс Қазақстан облысы – 46
- Ақтөбе облысы – 27
- Маңғыстау облысы – 12
- Павлодар облысы – 26
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Қостанай облысы – 15
Коронавирустан жалпы 400 адам айыққан. 17 адам қайтыс болған.