13:23, 23 Сәуір 2020
Қазақстанда коронавирус жұққан 56 адам анықталды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 23 сәуір таңертеңгі сағат 9.50-де тағы 56 адамнан вирус табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында — 17, Алматы қаласында — 3, Жамбыл облысында — 2, Қостанай облысында — 1, Батыс Қазақстан облысында — 10, Түркістан облысында — 7, Павлордар облысында — 5, Маңғыстау облысында — 1, Ақтөбе облысында — 7, Шығыс Қазақстан облысында — 3 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2191 адамға жетті:
- Алматы қаласы – 735
- Нұр-Сұлтан қаласы – 421
- Қызылорда облысы – 157
- Қарағанды облысы – 102
- Ақмола облысы – 83
- Атырау облысы – 82
- Түркістан облысы – 76
- Жамбыл облысы – 79
- Шымкент қаласы – 131
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Алматы облысы – 62
- Батыс Қазақстан облысы – 86
- Ақтөбе облысы – 34
- Маңғыстау облысы – 19
- Павлодар облысы – 43
- Шығыс Қазақстан облысы –15
- Қостанай облысы – 36
515 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы — дәрігер.
Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.