21:00, 07 Мамыр 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4502 адам болды
Денсаулық сақтау министрлігі 7 мамыр таңертеңгі сағат 9:25-те тағы 80 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Атырау облысында — 11, Қостанай облысында — 4, Батыс Қазақстан облысында — 2, Нұр-Сұлтан қаласында — 25, Алматы қаласында — 28, Маңғыстау облысында — 9, Қызылорда облысында 1 адамға вирус жұққан.
Елде вирус жұқтырғандар 4502 адам болды. Барлығы 1408 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, 30 адам қайтыс болды.