Қазақстанда өткен тәулікте 271 адамнан коронавирус анықталды
18 тамыз күні Қазақстанда 271 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырған 123 адамда ауру белгілері болған, 148 адамда коронавирус симптомы байқалмаған.
Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында – 30, Батыс Қазақстан облысында – 28, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында әрқайсысында 27 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталған. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында (2) және Шымкент қаласында (3) тіркелген.
Аймақ бойынша жағдай мынадай:
Алматы қаласы — 13 938 (+22 адам жаңадан қосылды),Нұр-Сұлтан қаласы -13 640 (+27),Атырау облысы -10 748 (+17),Қарағанды облысы — 9 847 (+27),Шығыс Қазақстан облысы — 7 863 (+30),Батыс Қазақстан облысы — 6 611 (+28),Шымкент қаласы — 5 155 (+3),Алматы облысы — 4 844 (+16),Жамбыл облысы — 4 018 (+9),Солтүстік Қазақстан облысы — 3 792 (+18),Павлодар облысы — 3 699 (+7),Маңғыстау облысы — 3 278 (+8),Қостанай облысы — 3 290 (+14),Қызылорда облысы -3 213 (+1),Ақмола облысы — 3 265 (+16),Ақтөбе облысы — 3 175 (+5),Түркістан облысы — 3 193 (+22).
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталғандар ресми мәлімет бойынша, 103 571-ге жеткен. Бір күнде 1841 адам жазылған. Эпидемия басталғалы бері 86 286 адам жазылған. Бұл науқастардың шамамен 83 пайызын құрайды.
Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 121 639 адамға жеткен. Халықаралық ұйым белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандарды (1 тамыздан бері тіркелгендерін ғана) Covid статистикасына қосып есептеп отыр. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі шілде айының ортасында екі көрсеткішті қосатынын айтқанмен кейінірек бұл ниетінен айнып қалды.
Эпидемия басталғалы бері коронавирустан 1431 адам қайтыс болған. 1-17 тамыз аралығында "коронавирустық" пневмониядан 218 адам қайтыс болған. Бұл мәліметке коронавирус жұққан, бірақ арнайы комиссия "вирустан емес, ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған адамдар өлімі енгізілмеген. Бұған қоса, 1 тамызға дейін "коронавирустық пневмониядан" қайтыс болғандар саны да беймәлім күйде қалып отыр.