Қазақстанда өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды
6 тамызда Қазақстанда 980 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Covid жұқтырған 478 адамда ауру белгілері байқалған.
Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Тәулік көрсеткіші бойынша әдеттегідей Нұр-Сұлтан (186) және Алматы (175) қалалары көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (2) облысында тіркелген.
Қазақстанда барлығы 96 922 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.
Алматы қаласында — 12 995 (+175 адам жаңадан қосылды),Нұр-Сұлтан қаласында -12 530 (+186),Атырау облысында — 10 511 (+44),Қарағанды облысында — 9 160 (+85),Шығыс Қазақстан облысында — 7 045 (+92),Батыс Қазақстан облысында — 6 160 (+58),Шымкент қаласында — 5 070 (+26),Алматы облысында — 4 623 (+46),Жамбыл облысында — 3 804 (+40),Павлодар облысында — 3 469 (+22),Солтүстік Қазақстан облысында — 3 419(+45),Қызылорда облысында -3 143 (+33),Ақтөбе облысында — 3 085 (+2),Маңғыстау облысында — 3 063 (+33),Қостанай облысында — 2 988 (+35),Түркістан облысында — 2 929 (+27),Ақмола облысында — 2 928 (+31).
Ресми мәлімет бойынша, коронавирустан жазылып шыққандар бір күнде 1 809 адамға артып, 70 680-ге жетті. Вирустан барлығы 1091 адам қайтыс болған. Бұл дерекке коронавирус инфекциясын жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдар мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар кірмей отыр.
Қазақстан 2 тамызда алғаш рет зертханалық анализбен расталмаған коронавирустық пневмония дерегін жариялай бастады. Бірақ оған 1 тамызға дейін тіркелген науқастар енбеген.
Coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 тамыздан бастап 9 584 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталып, дерттен 102 адам көз жұмған.