Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 07 Тамыз 2020

Қазақстанда өткен тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус табылды, 30 адам қайтыс болды

None
None

6 тамызда Қазақстанда 980 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Бір күнде 30 адам коронавирустан қайтыс болған.

Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша әдеттегідей Нұр-Сұлтан (186) және Алматы (175) қалалары көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (2) облысында тіркелген.

Қазақстанда барлығы 96 922 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Алматы қаласында — 12 995 (+175 адам жаңадан қосылды),Нұр-Сұлтан қаласында -12 530 (+186),Атырау облысында — 10 511 (+44),Қарағанды облысында — 9 160 (+85),Шығыс Қазақстан облысында — 7 045 (+92),Батыс Қазақстан облысында — 6 160 (+58),Шымкент қаласында — 5 070 (+26),Алматы облысында — 4 623 (+46),Жамбыл облысында — 3 804 (+40),Павлодар облысында — 3 469 (+22),Солтүстік Қазақстан облысында — 3 419(+45),Қызылорда облысында -3 143 (+33),Ақтөбе облысында — 3 085 (+2),Маңғыстау облысында — 3 063 (+33),Қостанай облысында — 2 988 (+35),Түркістан облысында — 2 929 (+27),Ақмола облысында — 2 928 (+31).

Ресми мәлімет бойынша, коронавирустан жазылып шыққандар бір күнде 1 809 адамға артып, 70 680­-ге жетті. Вирустан барлығы 1189 адам қайтыс болған. Бұл дерекке коронавирус инфекциясын жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдар мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар кірмей отыр.

Қазақстан 2 тамызда алғаш рет зертханалық анализбен расталмаған коронавирустық пневмония дерегін жариялай бастады. Бірақ оған 1 тамызға дейін тіркелген науқастар енбеген.

Coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 тамыздан бастап 9 584 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталып, дерттен 102 адам көз жұмған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: