Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:54, 13 Мамыр 2020

Қазақстанда тағы 138 адамнан коронавирус табылды

None
None

Денсаулық сақтау министрлігі 13 мамыр таңертеңгі сағат 10.00-де Қазақстанда тағы 138 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында — 15, Батыс Қазақстан облысында — 11, Жамбыл облысында — 6, Қарағанды облысында — 3, Түркістан облысында — 4, Атырау облысында — 92, Шығыс Қазақстан облысында — 1, Алматы қаласында 6 адамға вирус жұққан.

Министрліктің хабарлауынша, бұл 13 мамырға қараған түнгі ақпарат. Бірақ ведомство оны сәрсенбі күні таңертең жариялап отыр.

Министрлік сонымен бірге 115 адамның коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлады.

Елде барлығы 5417 адамға вирус жұққан. 2223 адам жазылған. 32 адам қайтыс болған.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: