Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:54, 22 Сәуір 2020

Қазақстанда тағы 30 адамнан коронавирус табылды

None
None

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 22 сәуір таңертеңгі сағат 9.25-те тағы 30 адамнан вирус табылғанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында — 8, Алматы қаласында — 2, Қостанай облысында — 7, Маңғыстай облысында — 2, Павлодар облысында — 3, Жамбыл облысында — 6, Батыс Қазақстан облысында 2 адамға вирус жұққан.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 2025 адамға жетті:

  • Алматы қаласы – 680
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 401
  • Қызылорда облысы – 151
  • Қарағанды облысы – 101
  • Ақмола облысы – 83
  • Атырау облысы – 82
  • Түркістан облысы – 66
  • Жамбыл облысы – 76
  • Шымкент қаласы – 103
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Алматы облысы – 55
  • Батыс Қазақстан облысы – 72
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Маңғыстау облысы – 16
  • Павлодар облысы – 37
  • Шығыс Қазақстан облысы –11
  • Қостанай облысы – 34

489 адам COVID-19 дертінен айықты. 19 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандардың 500-ден астамы — дәрігер.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Елдің басым бөлігінде карантин енгізілген.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: